№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа үйге қоныстанған ананың қуанышында шек жоқ

Жаңа үйге қоныстанған ананың қуанышында шек жоқ

  Жаңақорған ауданы тұрғындары жалғысбасты анаға үй салып берді. «Жаңарған Жаңақорған Жастары» еріктілер тобының ұйымдастырумен аудан тұрғыны, ІІ топ мүгедегі Анаркүл Беласароваға баспана салып берді – деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газетінің тілшісі.



  Бұл отбасының баспана қиындығын көріп отырғанын көрген жергілікті тұрғындар қайырымдылық ісін атқарды. Көпшілік ортақ қолдау көрсетіп, оған баспана салып беруге атсалысты. Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары осы айдың соңына, яғни Айт мерекесінде толық аяқталды. Аталмыш баспананың бой көтеруіне Данияр ДосантаевАрман Мажитов, Нурболат Аширов, Әбдісамат Әбдіш және аудан жастары көмек көрсетті.

 
– Бұл бастама өңірдің ерікті жастары лезде іліп әкетті. Биылғы жылдың мамыр айында басталған құрылысқа жүзге жуық адам атсалысқан. Кәсіпкер жастардан бастап, қарапайым тұрғындарға дейін қол ұшын берді. Бірі тасын түсіріп, енді бірі шатырын әкеп берсе, тағы бірі үйді көтеріп, ішкі-сыртқы қабырғасын сылаған. Тіптен, қайырымды жандар үй ішіндегі жиһазына дейін алып беріпті – дейді  "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобының жетекшісі Еркінбек Айнақожаев.

   «Анаркүл апамыздың үй салуға мүмкіндігі болмады. Өзі жұмыссыз, жалғызбасты ана. Осылайша ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі арқасында қайырымдылық ісі жасалды. Жетімімізді жылатпағанбыз, жесірімізді қаңғыртапағанбыз ғой. 

Ерлан РАЙЫМБЕК.



06 маусым 2019 ж. 1 285 0