№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қасиет пен кие дарыған далада дүбірлі дода өтті

Қасиет пен кие дарыған далада дүбірлі дода өтті




Қараша айының 30-ыншы жұлдызында Жаңақорған аудандық Манап Көкенов атындағы мәдениет үйінде Қазақ ССР-нiң еңбек сіңірген агрономы Әбдіғаппар Нұртазаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Ел үшін туған ер» атты облыстық ақындар айтысы болып өтті.
Аталған айтыс аламанына облысымыздың әр қиырынан 8 ақын қатысты. От ауызды, орақ тілді ақындарымыз кестелі сөз айтып, кесек ойларын кестелеп жеткiздi. Дарияның толқынындай арындаған сөз сардарлары жұрт көкейiндегi жүрген қоғамды, елді алаңдатқан өзекті тақырыптарды көтерді. Өйткені, бетің бар, жүзің бар демей өткір мәселелерді бұқпантайламай айту - бекзада өнеріміздің төл табиғаты. Ақындарымыз сонымен қатар, Әбдіғаппар Нұртазаевтың тереңіне бойлап, тау тұлғасын әсем жырмен биіктетті. Халқымыз «Әр жүйріктің өз биігі бар» дейді. Бұл жолы ақындарымыз жүлдеге емес, жолдамаға бақ сынасты. Жеңілген ешкім жоқ. Әр ақын халық көңілінің төрінен орын алды.
Жаңақорған ауданы әкімдігі
03 желтоқсан 2020 ж. 865 0