Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мақтаулы мамандық иесі

Мақтаулы мамандық иесі

Дәрігер – үмітке үміт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын ең қадірлі, құрметті мамандық. Осындай жауапты қызметте өзіндік орны маманның бірі – Ақсәуле Мурзаметова.

Жанына дауа іздеген кез-келген адам дәрігер қызметіне жүгінетіні сөзсіз. Егер науқас дауа тапса, дәрігерді дәріптеп жүреді. Ақсәуле де аудан тұрғындарының жүрегінен орын алған дәрігер. Оның мұндай деңгейден көрінуі балалық кезіндегі мұратына адалдық танытуынан деуге болады.
Оның дәрігер боламын деген арманын ата-анасы қолдайды. Ұс­таз­дары да мақсатына қанат біті­ріп, медициналық бағытта білімін шың­дауға көмектеседі. 2007 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлт­тық медицина университетіне оқу­ға түседі. Жоғары мектепте оқып жүріп өзінің білімділігін, белсенділігін көрсетіп, түрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысады. Дип­ломын алғаннан кейін аудандық ем­ханада еңбек жолын бастайды.
Ақсәуле Алтынбекқызы алдына көмек сұрап келгендердің бетін қай­тармайды, жылы сөйлесіп, қызмет көрсетеді.
– Бала кезімде үстіне ақ халат киген дәрігерлерді көріп, медицина саласына қатты қызықтым. Мен үшін алдыма келген адамдарға сапалы қызмет көрсету, олардың шипа тапқаны маңызды, – дейді білікті маман.
Дәрігер мамандығын екінің бірі таңдай бермейді. Себебі, білікті дәрігер болу үшін тек жоғары білім алу аздық етеді. Сезімталдық, жауапкершілік, ұқыптылық, төзімділік, сабырлық қасиеті керек. Бәрінен бұрын, өз ісін шынайы құрметтей білуі тиіс. Ал біздің кейіпкеріміз Ақсәуле Мурзаметова өз ісін шынайы сүйетін маман.
Содан болар жаста болса еңбегімен еленіп келеді.

Әсел РЗАЕВА
25 қараша 2020 ж. 646 0