Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шабақтар айдынын тапты

Шабақтар айдынын тапты


Табиғатты қорғау-әрбір адамның парызы, адамзатты барымен, нәрімен қамтамасыз етіп отырған Жер-Ана алдындағы басты міндеті. Бүгінгі таңда табиғатты, оның ішінде орман, суды оны мекендеушілерді түрлі табиғи апаттар мен өзге де зиян келтіретін жағдайлардан сақтау – ең өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы аян. Жаңақорған ауданының қойнауы аң мен құсқа, суы түрлі балыққа толы.


Күз түсіп, егін жиналып бітісімен-ақ, су пайдаланушы шаруашылықтардың ең бірінші ыңғайлайтын шаруалары шабақтарды құтқару жұмысы. Су тартылғаннан кейін егістік алқаптары мен канал бойында қалып қойған шабақтарды қайта су бойына жіберуге күш салынады.
Егістік алқаптарын суғару науқаны аяқталысымен ауқымды шара бастау алды. Аудан көлеміндегі шаруашылықтар – «Баспақкөл» "Тынысбек" көлінің төра­ғасы Искаков Мұса, «Битанов Ш» дара кәсіпкер "Қалғандария 2" көлі төрағасы Битанов Шарапбай, «Шан­жархан» дара кәсіпкерлігі "Кіржуған көлі" төрағасы Нариман Жұманов, “Несібе СПК”, “Қойлақы ата”, “Имаш” көлі төрағасы Альберт Мырзахметовтар науқанға біркісідей атсалысты. Диқандар төккен тер еңбекті ақтады деп қуануда. Енді шабақтар шығыны болмауы керек.Өйткені балық та табиғаттың бір байлығы, әрі табыс көзі.
– Жыл сайын күз мезгілінде бас­талатын шараның басты мақсаты – су астындағы байлықты сақтап қалу. Яғни шабақтардың жойылып кетпеуін қадағалау. Осы мақсатта іске кіріскен жергілікті ауыл тұрғындары да белсенді. Биылғы жылы ауданға жоспарланған 700 000 дана балық шабақтарының 1-ші кезекте 250 000 данасы құтқарылды. Биыл да Мұсаханов каналынан біраз су шабақтарын сақтап қала алдық. Осылай жоспарлы күндері межеге жеттік, – деді Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің балық маманы Қуаныш Әбілқасымов.
– Жыл сайын аудан көлеміндегі күріштік алқаптар мен ирригациялық су жүйелерінде қалған балық шабақтарын құтқарудың іс-шара жоспары жаса­лынады. Дәстүрге сай биыл да облыс әкімі орынбасарымен «2020 жылға арналған күріштік алқаптарда қал­ған балық шабақтарының құтқару жұмыстарының іс-шаралар» жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес ауылдық округ әкімдері, шаруашылық құрылымдары мен табиғат пайдаланушылармен бірлесе, құтқарылған балық шабақтары жақын орналасқан көлдерге жіберілді.

Ерлан РАЙЫМБЕК
11 қараша 2020 ж. 468 0