№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шабақ шығын болмасын

Шабақ шығын болмасын

Диқандар күздік ораққа қамданып егіс алқабындағы жерге еткен ырзығын жинауға жұмыла бастады. Осындай қарекетпен қоса шаруалар күріш алқабында шабақтарды құтқару ісімен де қоса айналысуда. Бұл «міндет емес, адамзаттың бір борышы» деп қараған дұрыс болар. Себебі шабақ та табиғат байлығының бірі. Сыр беткейдегі ауылдар шабақ құтқару жұмысына жылдағы дәстүрден жаңылмай жұмыла кірісті. Байыпты бастаманың басынан шаруа қожалықтың төрағалары да табылды.

Жалпы облыс әкімінің аймақ көлеміндегі күріштік алқаптардағы балық шабақтарын құтқару бойынша іс-шаралар жоспарына сай ауданда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Оның бір парасына бүгін өзіміз де куә болдық. Алдымен құтқарушы топ Екпінді елді мекеніне жол тартты, келесі күні Келінтөбелегі шаруаларға жолымыз түсті.
– Жыл сайын күз мезгілінде басталатын шараның басты мақсаты – су астындағы байлықты сақтап қалу. Яғни шабақтардың жойылып кетпеуін қадағалау. Осы мақсатта іске кіріскен жергілікті ауыл тұрғындары белсенді. Биылғы жылы ауданға жоспарланған 700 000 дана балық шабақтарының 1-ші кезекте 250 000 данасы құтқарылады. Осылай жоспарлы күндері межеге жеттік, – деді Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің балық маманы Қуаныш Әбілқасымов.
Шабақ құтқару дәстүріне ауылдағы ағайын да қол ұшын беріп жатады. Бұл жолы да солай болды. Ит-құсқа жем болғанша, көлдерге ертерек жіберіп, аман қалғанға не жетсін?!
– Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып атқарған істің берекесі де мол болады. Сондықтан, барлық ауылдың тұрғындары игілікті іске мұрындық болуда. Бұл жұмыс осымен тоқтап қалмайды, әрине. Әлі де жалғасын таба береді, – дейді екпінділік шаруалар.
Шабақ құтқару ісіне аудандық ауылшаруашылығы бөлімі де маңыз беріп отыр.
– Жыл сайын аудан көлеміндегі күріштік алқаптар мен ирригациялық су жүйлерінде қалған  балық шабақтарын құтқарудың іс-шара жоспары жасалынады. Дәстүрге сай биыл да облыс әкімі орынбасарымен «2020 жылға арналған күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарының құтқару жұмыстарының іс-шаралар» жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес ауылдық округ әкімдері, шаруашылық құрылымдары мен табиғат пайдаланушылармен бірлесе, құтқарылған балық шабақтары жақын орналасқан көлдерге жіберілді. Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының алғашқы он күндігінде Сунақата, Екпінді, Келінтөбе, Аққорған, Қожакент, Өзгент, М.Нәлібаев, Жаңарық, Қыркеңсе ауылдық округінде шабақ құтқару жұмысы жүргізілуде. Осыған байланысты «Аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» мекемесінің мамандары мен құтқарушы жасақтары да іске жұмылдырылып, акция өткізілді, – деді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жасұлан Тұрапов.
Биыл ауданда күріш өсіру межеден асты, өнім де көңіл қуантарлық. Диқандар төккен тер еңбекті ақтады деп қуануда. Енді шабақтар шығын болмаса болғаны. Өйткені балық та табиғаттың бір байлығы, әрі табыс көзі. Тілін түсініп, істің көзін тапқан адамға балық бизнесі қыруар пайда әкеледі. Десе де Жаңақорғанда балық шаруашылығы әлі де кемшін тартуда. 
Қорыта айтқанда, жасалынып жатқан игі іс – Сыр балығына деген қамқорлық. Бұл табиғат сыйлаған тіршілік иесін құтқару әрбір азамат алдындағы үлкен жауапкершілік болуы тиіс. Табиғат өзі жүктеп отырған маңызды міндет дер едік. Сондықтан бұл тіршілік иесіне де мейірімділік танытқан абзал.
15 қыркүйек 2020 ж. 892 0