№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Астық жинау маусымында абай болайық!

Астық жинау маусымында абай болайық!


Алдымызда күз мезгілі. Астық жинау уақыты да келіп қалды. Аудан көлеміндегі шаруа қожалықтары егін орағына дайындық үстінде. Бұл күндері егін алқаптарында күріш ору мен десте бастыру, астық тасымалдау жұмыстарына техникалар мен астық жинай­тын орындар әзірленуде. Сондай-ақ, қысқы мал азығы жем-шөп те жиналуда.

Жем-шөп жинауға, егін орағына қаты­сатын механизаторлар мен жұмысшылар өрт қауіпсіздігі ережелерін естен бір сәт шығармаулары қажет. Өйткені жем-шөптер мен астықтарды жинау кезінде болмашы ғана қателіктер өрттің шығуына себепкер болып жатады.
Сондықтан, егін орағына қатысатын тех­никаларды жөндеу кезінде де, егінді жинау жұмыстары кезінде де өрт қауіпсіздігі талап­тарын қатаң сақтау қажет.
Жем-шөптерді жинау және егін орағы басталған кезде өртке қарсы мына талап­тарды қатаң сақтаған жөн:
- астық жинайтын орындарды және егістік алқабында жұмыс жасайтын барлық техникаларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жеткілікті деңгейде жабдықтау қажет;
- қай жерде болмасын темекі тұқылдарын өшірусіз тастамау қажет;
- астық жинау орындарында және егістік алқаптарында ретсіз от жақпау қажет;
- шаруашылық қожалық басшылары осы жұмыстарды жасайтын барлық қызмет­кер­лермен күнделікті өртке қарсы нұсқама жүргізу қажет;
- әрбір кәсіпкер өздеріне тиесілі аумақты ені 4 метр болатындай етіп өртке қарсы мине­ралды жолақтар жасау қажет;
Қысқасы өрт тілсіз жау екенін жадымыздан бір сәтке де шығармауымыз қажет.

Өркен Мүбарак,
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты.
03 қыркүйек 2019 ж. 971 0