Конституция

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » КӨШ: 2018 ЖЫЛЫ РЕСЕЙГЕ ҚАНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОНЫС АУДАРДЫ

КӨШ: 2018 ЖЫЛЫ РЕСЕЙГЕ ҚАНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОНЫС АУДАРДЫ

Ресейге барып жатқан мигранттар саны бойынша Қазақстан рейтингте екінші орында тұр, - деп хабарлайды РИА Новости.
Росстат мәліметінше, 2018 жылы Ресейге көшкен мигранттар саны бойынша Тәжікстан бірінші орын алған - 31 мың адам, екінші орында Қазақстан - 25,5 мың адам. 
"2018 жылы ТМД-ға мүше елдер бойынша барлық елмен халық алмасуда көші-қон өсімінің қысқарғаны байқалады", - делінген ведомство хабарламасында. 
Басылым мәліметінше, өсім тек Түрікменстанмен көші-қон алмасуында өткен жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға - шамамен 3 мың адам, Армениямен 2,6 пайызға - 14,4 мың және Әзербайжанмен 1,6 пайызға-8,7 мың адамға артқан. Украинадан Ресейге мигранттардың келуі үш есеге қысқарған: 2017 жылы - 47 мыңнан аса адам, ал 2018 жылы - 14,8 мың адам.
СӨЗ СОҢЫ. Біз бір Қазақстанда тұрып Солтүстікке отандастарымызды көшіре алмай жатырмыз, ал көрші елге өз еркімен көштердің санында есеп жоқ...
24 ақпан 2019 ж. 1 093 0