ДӘСТҮРЛІ СЛЕТ БАСТАУ АЛДЫ
Мамыр айының 11-12 күні Жаңақорған жерінде облыстық ІV-Малшылар слеті бастау алады. Екі күнге созылатын дәстүрлі слеттің алғашқы күні слет делегаттары Келінтөбе ауылдық округіндегі Керімхан Егізбаев төрағалық ететін «Orda Агротехнология» ЖШС-нің тынысымен, Қыркеңсе ауылындағы Серік Мырзабаев жетекшілік ететін «Бекарыс Агрофуд» ЖШС-нің жұмысымен танысады. Сондай-ақ, түсауа аудандық мәдениет үйінде өтетін «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары» атты семинарға қатысады.
Ал, малшылар слетінің 2-күні Қаратау тауындағы Үсен бауында асыл тұқымды мал шаруашылығы бағытындағы көрме мен слеттің негізігі ресми шарасы өтеді. Слет соңы спорттық шаралар мен гала концертке ұласады.
Облыстық малшылар тойының толық нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқитын боласыздар.