№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мектеп құрылысының қарқыны қалай?

Мектеп құрылысының қарқыны қалай?


Бүгінгі таңғы тірлік мектеп құрылысының барысын білумен басталды. Аудан әкімі Руслан Рүстемов алдымен МАИ бекеті маңындағы 300 орындық мектеп құрылысы нысанына барды. Қасында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Орман Ахметов бар.
Ә дегеннен әкім учаске басшысы Құрмаш Үрметовке реніш білдірді.


– Сіздер «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес тендер жеңім­пазы ретінде белгіленген уақытта құры­лысты аяқтап, тиісті қаржыны игеру талаптарын орындауыңыз керек. Талап солай бола тұрып, жұмыс кестесін бір ай мерзімге кешіктіріп келесіздер. Ал, қазіргі құрылыстың қарқыны өте баяу. Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов жасалған шаруаны өз көзімен көріп кетті, мердігер компанияға қатаң тапсырма берді. Неге сол тапсырма орындалмай жатыр? Ауа райының қара­сып тұрғаны, күн әзірге жылы. Осы мүмкіндікті жедел пайдаланып, екі қабаттың кірпіші қаланып, шатыры жабылуы тиісті. Әйтпесе есіл еңбек еш кетеді. Сондықтан жұмысшы қолын көбейтіп, жұмысты еселеуге күш салыңыз­­дар, – деді Руслан Рүстемұлы.
Бұл нысанның мердігері – «Қазқұры­лыссервис» ЖШС. Нысанның жалпы құны 821 млн теңге. Мұндағы құрылысқа 21 жұмысшы қатысуда. Кірпіш Сыр­дария ауданы Аманкелді ауылынан тасымалдануда. Учаске басшысының айтуынша, жұмысшы қолы тапшы. Соған қарап-ақ, дәл мына қарқынмен құрылыс мерзімінде аяқталуы екіталай секілді. Ал, олар уәде беруден қалыс қалмай тұр. Аудан басшысы құрылысшыларға қатаң талап қойып, құрылыстың сапасын сақтап, уақтылы аяқтауды шегелеп айтты.
Екінші нысан – орталық стадионға жапсарлас 600 орындық мектеп құры­лысы. Оқу корпусы үш қабат, қалған бөлігі екі қабатқа шақталған нысан құрылысын мердігер «Өмірзақ» ЖШС жүргізуде.
Құрылысшылар арнайы киіммен жаб­­дықталған, әрбір он күн сайын жұмысшылар жалақысы беріліп келеді. Бүгінде 35 жұмысшы атсалысуда. Екі ауысымда жұмыс жүргізуге ықыласты. Бізге учаске басшысы Бағжан Амановтың берген ақпараты осылай.
Аудан әкімі құрылыс сапасына мән берді. Қаланған кірпіштің негізі бөлігі 51 см, ішкі бөлігі 38 см екеніне көз жеткізді. Дегенмен мұндағы мердігердің де құ­рылыс қарқынына көңіл толмайтынын баса айтты.
– Әлі де жұмыс күшін қосу керек. Мына жұмыстар жеткіліксіз. Еңбек еселенбей мәселе шешілмейді. Құрылыстың қар­жысына ешқандай кедергі жоқ. Жұмыс көлеміне сәйкес қаржы төленіп тұр. Енді тұрақты бақылау жасап отырамын. Ал, мерзімінде аяқталмаған жұмыстың сұрауы болады, – деді Руслан Рүстемов.

Қаныбек АБДУОВ
17 қазан 2020 ж. 792 0