№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ЖАУАПСЫЗДЫҒЫ: АҚҚҰМДАҒЫ ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ НЕГЕ КЕШЕУІЛДЕУ ДЕ?

МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ЖАУАПСЫЗДЫҒЫ: АҚҚҰМДАҒЫ ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ НЕГЕ КЕШЕУІЛДЕУ ДЕ?


Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков «Мердігерлердің жауапсыздығынан Жаңақорған ауданы, Аққұм ауылындағы 100 орындық мектеп пайдалануға берілетін мерзімінен кешіктірілуде», – деп хабарлады.
Басқарма басшысының айтуынша, мектеп құрылысының бас мердігері «Нұрым» ҚК» ЖШС нысанды ағымдағы жылдың шілде айында тапсыру керек болған. Дегенмен, құрылыс кестеден қалыс қалып, оқу жылының басында дайын болмай отыр.
«Мектептің құрылыс жұмыстары кесте бойынша былтыр басталды. Жұмыстың бастапқы кезеңі уақытылы жасалды, бірақ 2018 жылғы жұмыс қарқыны бәсеңдеді», - дейді М.Әлсеріков. Басқарма басшысының айтуы бойынша, қазіргі таңда жұмыс көлемінің 85%-ы орындалды, абаттандыру, көгалдандыру және технологиялық жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталмай отыр.
«Қоймаға заттар жеткізілгенімен мердігірлер жабдықтардың орнатылмауына байланысты әрлеу жұмыстарын уақытында бітіріп үлгермеді. Кестеден кеш қалуларына қатысты бірнеше рет ескертіліп, атап айтқанда мердігерге 3 хат, техникалық қадағалау инженеріне бір рет хат жолданды. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алушының жауапсыз әрекеті үшін сотқа беріп, сонымен қатар айыппұл төлетіп, құрылысты аяқтауды міндеттеуге қатысты сот ісі басталды»,- дейді М.Әлсеріков. Оның айтуынша, құрылыс және қабылдау жұмыстары ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында аяқталады.
Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Құралай Ерташованың айтуынша, құрылыс аяқталғанға дейін сабақ оқу процесіне жарамды ескі мектеп ғимаратында өткізіледі.
31 тамыз 2018 ж. 851 0