Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрылыс сапасы жіті бақылауда

Құрылыс сапасы жіті бақылауда

Аудан әкімі Руслан Рүстемов ауданға әкім болып келісімен бірқатар құрылыс нысандарына барды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовпен бірге Жаңақорған кенті МАИ бекеті аумағында орналасқан 300 орындық мектеп пен Б.Байкенжеев көшесіндегі 600 орындық №169 мектептің жаңа ғимаратында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Облыс әкімінің орын­­­­­­ба­сары бастаған деле­­гация ал­дымен МАИ бекетіндегі білім ордасына тоқтады. «Қаз­­құрылыссервис» ЖШС жүр­гізіп жатқан мектеп құры­лысы соңғы айларда тоқ­тап тұр. Басшылар осының мәнін сұрады.
– Наурыз айында мек­теп ғимаратының орнын қазу, іргетасын қалау ісіне об­лыс­­тық бюджеттен 100 млн тең­ге қаржы бөлінді. Нысан­ды пайдалануға беру мерзімі 2021 жыл. Алайда мердігер ком­­па­нияның басшысы «Жыл­­­­дың аяғына дейін пай­да­­­­лануға беремін» деп хат жол­­­даған еді. Мұның іс жүзіне аспауында белгілі себептер болды. Оны түсінемін. Бірақ дәл қазір құрылыс жұмыстары баяу жүруде. Бұл алаң­дау­шылық тудырып отыр. Шұ­ғыл құрылыс жұмыстарын жан­дандырып, 1 қазанға дейін мектептің бірінші қабатын, 1 желтоқсанға дейін екінші қабатын аяқтап, шатырын жа­буды тапсырамын, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Жүсіпұлы.
МАИ бекетінде бой көте­ретін мектепке сұраныс жо­­ғары. Бүгінде осы аумақ­тың оқушылары №110, №125, №163, №169 мектепке қаты­нап оқиды. Уақыт озған сайын онда тұрғындар саны ар­­тып келеді. Бұл – мектепті уақытылы әрі сапалы бітірудің маңызды екенін көрсетеді.
Мұнан кейін №169 мек­­­тептің 600 орындық ғи­­ма­­­ратының құрылысы ба­ры­­сымен танысты. Құрылыс ком­паниясының өкілі бө­лінген қаржы тиімді игерілгенін, яғни мектеп ғимаратының жер жұмыстарын қазу, ыза суды жою, қазылған кот­ловандарды қиыршақ тас­пен толтыру және ВЛ-10 Кв жоғарғы кернеулі электр желісін тарту жұмыстары ат­қа­рылғандығын баяндады.
Аудан бойынша типтік жо­баға келмейтін мектептің бірі – №169 мектеп еді. ХХ ғасырдың 40 жылдары бой көтерген білім ордасында спорт зал, мәжіліс зал т.б оқыту үрдісінде қажеттілер болмады. Сондықтан ата-ана­лар мен ұстаздар қауымы мектептің жаңа ғимаратын салуды сұрап жүрген-ді. За­манауи талап-міндеттерге толық жауап беретін мектеп ғимараты таяу уақытта пай­далануға беріледі. Бірақ оның сапалы болғаны дұрыс. Себе­бі бюджеті қомақты. 2 миллиард, 117 милион тең­гені құрайды.
Серік Сүлейменов пен Руслан Рүстемов мердігер ком­пания өкілдеріне жоба сметалық құжатта қаралған жұмыстардың толық және сапалы орындау керектігін ескертті.
Облыс әкімінің орын­баса­ры С.Сүлейменов:
– Істің нәтижелі болуын жіте қа­дағалаймын. Құры­лыс зат­тарының сертификат­та­луына мән беріңіздер. Жақын ара­да қосымша жұмысшының санын екі-үш есеге көбейтіп, қараша айына дейін мектептің екі қабатын, желтоқсан айы­на дейін үшінші қабатын аяқ­­тап, шатырын жабуды тап­­­сырамын, – деді.
Кейінгі кездері мектептің ғимаратына орталық ста­дион­­ның маңы не үшін таңдалғаны жөнінде сұрақ­тар көп. Өйткені №169 Н.Илялетдинов атындағы мек­­теп оқушыларының басым бө­­­лі­гі теміржолдың батыс бө­лігінен қатынап оқиды. Оның үстіне, таңдалған жер учаскесі инфрақұрылым жұ­мыс­тары – газ, ауыз су, электр желісі, байланыс желісі, аяқ сумен толық қамтылған.


Нұрбол БАКИРОВ
08 қыркүйек 2020 ж. 778 0