№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ЖАУАПСЫЗДЫҒЫ

МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ЖАУАПСЫЗДЫҒЫ


Аққұм деген ауыл бар. Кейденнен төтесінен тартсаң жиырма шақырым. Алғашқыда іргесі ауа райын бақылайтын метрологиялық станса ретінде қаланса, бүгінде берекесі артқан бекетке айналды. Соңғы бір-екі жылдың көлемінде жаңадан медпункт пен мешіт бой көтеріп, ел еңсесін тіктеді. Әлеуметтік нысанның көптеп ашылуы бұл – әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған ізгі іс деп білеміз. Алайда аққұмдық оқушылар жаңа оқу жолын ескі мектеп ғимаратында қарсы алуға мәжбүр болды. Себебі, ауыл ортасынан салынып жатқан 100 орындық білім ордасының құрылысы межелі уақытында бітпей, мердігер компания жауапсыздық танытты. Бұл жөнінде облыс әкімдігінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков журналистерге арнайы брифнг өткізді.
Басқарма басшысы ә-дегеннен «Мердігерлердің жауапсыздығынан Жаңақорған ауданы, Аққұм ауылындағы 100 орындық мектеп пайдалануға берілетін мерзімінен кешіктірілуде», – деп мәлімдеді.
Сондай-ақ брфинг барысында мектеп құрылысының бас мердігері «Нұрым» ҚК» ЖШС нысанды ағымдағы жылдың шілде айында тапсыру керек болған. Алайда, құрылыс кестеден қалыс қалып, оқу жылының басында дайын болмай отыр. Бұл өз кезегінде аққұмдық оқушылардың жаңа оқу жылын ескі ғимаратта қайта қарсы алады деген сөз.
– Мектептің құрылыс жұмыстары кесте бойынша былтыр басталды. Жұмыстың бастапқы кезеңі уақытылы жасалды, бірақ 2018 жылғы жұмыс қарқыны бәсеңдеді, – деді М.Әлсеріков. Басқарма басшысының айтуы бойынша, қазіргі таңда жұмыс көлемінің 85 пайызы орындалып, мектеп ауласын абаттандыру, көгалдандыру және білім ордасы ішіне технологиялық жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталмай қалған. Яғни, құрылыс жұмыстары кешуілдеуде.
– Қоймаға заттар жеткізіл­генімен мердігерлер жабдық­тардың орнатылмауына байланысты әрлеу жұмыстарын уақытында бітіріп үлгермеді. Кестеден кеш қалуларына қатысты бірнеше рет ескертіліп, атап айтқанда мердігерге 3 хат, техникалық қадағалау инженеріне бір рет хат жолданды.
– Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алушының жауапсыз әрекеті үшін сотқа беріп, сонымен қатар айыппұл төлетіп, құрылысты аяқтауды міндеттеуге қатысты сот ісі басталды, – деді М.Әлсеріков.
Басқарма басшысы брифинг соңында, Аққұмдағы жаңа мектептің құрылыс және қабылдау жұмыстары ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында аяқталатынын мәлімдеді. Өз кезегінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Ерташова мектеп құрылысы аяқталғанға дейін сабақ оқу процесіне жарамды ескі мектеп ғимаратында өткізілетіні белгілі болды.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
04 қыркүйек 2018 ж. 1 220 0