№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰРЫЛЫСТЫҢ САПАСЫ МАҢЫЗДЫ

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ САПАСЫ МАҢЫЗДЫ


Жаңақорған құрылыс жұмыстары қарқын алған ауданның бірі. Мәселен, 2010 жылдан бері 21 заманауи мектеп бой көтерсе, биыл төрт мектептің құрылысы жүргізілуде. Оған тұрғын үй, медициналық нысандар, балабақша мен спорт кешендерін қосыңыз. Әрине, құрылыстың қарқыны экономикалық даму мен әлеуметтік жағдайдың артуына түрткі болатыны белгілі. Алайда, оның сапасы бәрінен де маңызды. Сондықтан ұдайы бақылап, тектесіп отырған абзал. Мемлекеттің қыруар қаржысына салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасын көру мақсатында Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы Нұржан Баймақанов бастаған мамандар арнайы келді. Оларға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев жол бастады.
Алдымен Қожамберді ауылдық округіндегі 200 орындық мектептің құрылысын көрді. Мердігер компания құрылыс жұмыстарында тәжірибесі мол, әсіресе, мектеп құрылысына маманданған екен. Бүгінде құрылыс жұмыстарын аяқтап, шеберханалар мен сыныптарға қажетті жиһаздарды орналыстыра бастапты.
Бізді «Қазқұрылыс Сервис» ЖШС учаскі басшысы Бақыт Қозыбаев қарсы алып, атқарылған жұмыстарын баяндады. Оның сөзінше, жұмыстың сапасына баса мән берілді. Себебі, абыройды бәрінен биік қояды екен.
– Өткен жылы нысанның шатырын жауып, ішкі жұмыстарды бастап кеттік. Алдағы 5-6 күннің ішінде мектепті қажетті жиһаздар мен құрал-саймандарымен қамтамасыз етіп, абаттандыру жұмыстарын бітіреміз. Яғни, құрылысты уақытынан бұрын аяқтаймыз, – деді учаскі басшысы.
Мамандар құрылыс нысанын тыңғылықты тексеріп, жұмыс сапасына оң бағасын берді.
Ал, партия өкілі Мәжит Балқожаев мердігер компанияның басшылығына ауыл тұрғындарына қайырымдылық жасауды ұсынды. Мұны құрылысшылар қолдап, мектеп құрылысы берекелі болуына ниеттес болған ауыл тұрғындарына қайырымдылық жасауға қарсы еместіктерін білдірді.
Мамандар одан кейін Жаңақорған кентіндегі №56 мектептің жаңа нысанында болды. Қожамбердідегі мектеппен бір уақытта басталса да әлі шатыры жабылмапты. Бірақ, мердігер компания уақытылы бітіру мақсатында 90 құрылысшыны жұмысқа жұмылдырыпты. Оның 20-сы жаңақорғандықтар екен.
Мәжит Балқожаұлы мердігер компаниямен жергілікті тұрғындар арасында келісім-шарт жасалмағынын анықтап, басшыларына кемшілікті жоюды тапсырды.
Жалпы, құрылыстың сапалы болғаны дұрыс. Себебі, мұнда келешегіміз оқушылар білім алады. Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы Нұржан Баймақанов осыны ескертті.
Қазір мектептің екінші қабатында кірпішті өру жұмыстары жүргізілуде екен. Соны мұқият тексеріп, бірқатар ескертулер берді. Ал, аудандағы партия төрағасының бірінші орынбасары егер құрылыстың сапасына мән берілмейтін болса партиялық бақылау қоятындықтарын айтты.
«SKS Инжиниринг» ЖШС учаске басшысы Абай Байғазиев құрылыстың сапасы бәрінен де маңызды екендігін түсінетіндігін, сондықтан, жұмыс сапасы назарда болатынын жеткізді. Әрі жергілікті тұрғындардың өтініш-тілектеріне назар аударғанын айтты. Осыған дейін бірқатар көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне қиыршық тас төсепті.
Түстен кейін құрылыс алаңына айналған Аққорғанды бағытқа алдық. Шыны керек, соңғы жылдары бұл ауылда әлеуметтік нысандар көптеп салынды. Мәселен, ауыз судың құбыры жүргізілді, медициналық нысан мен мектеп бой көтерді. Биыл балабақша, спорт кешені және мектептің құрылысы жүргізілуде.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына «НұрТалап и К» ЖШС жауапты. Объектінің сметалық құны – 342 629,0 мың теңге. Бүгінде сауықтыру кешенінің жер қазу жұмыстары мен іргетасын орналастыру жұмыстары аяқталып, ғимараттың калонналары, темір конструкциялары құрастырылып, сыртқы қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары атқарыллуда.
Ал, 300 орындық №256 мектептің құрылысына 808 919 мың теңге қаралған. Құрылыс жұмысының бас мердігері – «СтройТоргБилдинг» ЖШС.
140 орындық балабақшаның құрылысын «Дәнекер ҚК» ЖШС жүргізуде. Естеріңізде болса, бұл Жайылмадағы, Машбек Нәлібаевтағы мектептің құрылысын жүргізген компания. Сондықтан, Аққорғандағы бөбекжайдың құрылысын да сапалы бітіретініне сенеміз. Бұған компанияның учаскі басшысы Ербол Байділлаев сендірді.
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мамандары құрылыс нысандарын аралап, атқарылған жұмыстарды көрді. Құрылысшыларға бірқатар ескертулерін де жасап, сапасы маңызды екенін түсіндірді.
Соңғы нысан – Кейден ауылдық округі Аққұм бекетіндегі 100 орындық мектептің құрылысы. Айта кететіні, облыстық мәслихаттың депутаты Жанкелді Ысқақов өткен жылы инфрақұрылым мәселелеріне байланысты түйінді жұмыс жасады. Биыл құрылыс қарқын алған. Жалпы, объектінің сметалық құны – 418 821 мың теңге. Құрылыс жұмысының бас мердігері – «ҚК Нұрым» ЖШС. Нысан 2018 жылы пайдалануға беріледі.

ТҮЙІН. Басқарма өкілдері құрылысты аралауда басты мақсаты – бір-бірімізге кінә арту емес, өзара байланысты күшейту. Бәрінен бұрын, жоспарланған нысандарды сапалы салуды бақылау екендігін айтты. Әрине, құрылыстың сапалы болуына жергілікті билікпен қатар, тұрғындар да мүдделі болғаны абзал. Сонда маңызды әлеуметтік нысандарда кінәрат болмайды...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
21 сәуір 2018 ж. 1 755 0