№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Баға жетпес байлықтың үстінде отырсыңдар"

"Баға жетпес байлықтың үстінде отырсыңдар"


Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркіт Аяған ағамыз Жаңақорғанға келді деген хабарды естіп, телефон соқтық...
Профессордың көңілі Сығанақ шаһарын көруге ауды. Содан көне қалаға бет бұрдық.

Жол үстінде тарихшымен сұхбат басталып кетті. Ортақ әңгіме – Сығанақ шаһарының тарихы, сонда билік құрған Ұлық Ұлыс (Алтын Орда), Ақ Орда хандары жайлы өрбіді. Қазақ хандығының қалыптасуындағы Сығанақтың маңызы да айтылды. Қысқасы, ортағасырлық қаланың Ұлы Дала өркениетіндегі орнын білуге тырыстық.
– Қызылордалықтар тарихи баға жетпес байлықтың үстінде отыр. Соңы бағалай білу керек. Сығанақ – Ұлы Дала елінің өркениет орталығы. Неге дейсіз бе? Біріншіден, саяси орталығы, екіншіден, экономикалық қуат көзі, үшіншіден, рухани-мәдени, діни орталығы болды.
Сығанақта қазақ хандығының бастауында тұрған Ұрыс (Орыс) хан жатыр. Қазақ хандығының өзге хандары жерленуі де мүмкін. Сондықтан қазақтың хан-сұлтандары Сығанақты стратегиялық маңызды қала ретінде санады, – деп бастады әңгімесін ол.
Сығанақ шаһарына ендік. Тарихшы терең тыныстап, тарихи орынның аурасын сезінгендей болды. Көне қаланың құмыра-ыдыстары мен кесек-тастарына көрсетіп: "Міне, Сығанақтың парсы, араб, армян, орыс дерек көздерінде көп кездесуінің басты сыры – Дешті Қыпшақтың ең маңызды қаласы саналды. Сығанақ ірі орталық болған кездері, Түркістан шағын қалашық болды... – деді.
Шаһарға түс қайта барып, күн бата қайттық. Үш-төрт сағатқа созылған сұхбат барысында тың деректерге қанығып, тарихи жадыны мыңжылдықтар қайнарымен жаңғыртып қайттық.
Әрине, бірнеше сағатқа созылған сұхбатты қорытып, рет-ретімен жазуға уақыт керек.
17 қазан 2020 ж. 685 0