№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті унвисерситетінің басшылық құрамы келді

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті унвисерситетінің басшылық құрамы келді

  18-мамыр Халықаралық музейлер күнінде Жаңақорған аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен жаңақорғандықтар ғұлама ғалым Хусам ад-дин әс-Сығанақидың өмір жолы һәм еңбегімен етене танысты. Ғылыми-танымдық конференция аясында ауданға елімізге танымал «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті унвисерситетінің басшылық құрамы келді. Құрметті қонақтардың қатарында: университет ректоры, профессор Мухаммад Әш-Шәххәт әл-Жиндид, университеттің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Шамшәдин Керім бар.

Бірінші кезекте, отандық ғалымдар Сунақ ата ауылдық округінде орналасқан «Сығанақ» қалашығындағы қайта жаңғыртудан өткен мешіт-медресесінің ішкі мүмкіндігі мен тарихи орыннан табылған көне жәдігерлер көрмесімен танысты. Әрі Хисамиддин әс-Сығанақидің кесенесіне зиярат жасап, баба рухына Құран бағыштады.
Мұнан кейін аудан орталығындағы «Хиса­миддин ас-Сығанақи» мешіті ауласында «Сығанақ» жасөспірімдер футбол командасының тұсаукесер рәсіміне қатысты. Соңыра, Мухаммад Әш-Шәххәт әл-Жинди бастаған ғалымдар «Хисамиддин Сығанақи» мешіті жанынан «Сығанақ тарихы» музейінің ішкі мүмкіндігімен танысты.
Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған «Туған жер» жобасы аясында ашылған музейдің өскелең жас ұрпаққа берер тәлімі мол. Өз кезегінде делегация қонақтарына аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Құралай Дәрмен музейдегі көне жәдігерлер мен тарихи деректерді һәм маңызды экспонаттарды таныстырды.

МУЗЕЙДІҢ ІШКІ МҮМКІНДІГІ
Шағын болса да, ұлт болашағы үшін маңызды жәдігерлер мен экспонаттарды сөресіне жиған музей сегіз бөлімнен құралған. Әуелі бірінші бөлімінде көне Сығанақтың тарихи деректермен дәйектелген сипаттамасы орын тепкен. Өздеріңізге бегілі, бұл шаһар Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығының, Қазақ хандығының астанасы болған қала. Оған қоса, бұл қала XI ғасырда Қыпшақ мемлекетінің саяси әрі мәдени орталығына айналған. Ал, Эрзен хан тұсында Сығанақта көптеген құрылыс жұмысы жүргізілгендігі және қала гүлдене түскендігі жөнінде құнды мәліметті осы музейден табасыз.
Және де Орыс хан 1376-1380 жылдары Ақ Ордада атасы Орда-Еженнің орнына таққа отырғандығы, 1368-1369 жылдан бастап Ақ Орданың астанасының Сығанақ қаласына көшкені, осы қалада Орыс хан соқтырған теңгелер осы кезден бастап белгілі болғандығына тарих куә. Міне, осы аталмыш мәліметтің барлығы да мешіт жанындағы музей төрінен орын тапқан.
Сонымен қатар, «Қыпшақ хандығы», «Ақ орда» хандығы», «Қазақ хандығы» экспо­зициялық бөлімі мен «Сығанақ – ұлы дала елінің астанасы», «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Һисамиддин ас-Сығанақи (Сунақ Ата) Сырдың ұлы перзенті», «Хусам ад-Дин ас-Сығнақидың жүріп өткен жолдары», «Хусам ад-Дин ас-Сығнақи дәуір ғұламасы», «Сығанақ шетелдік зерттеушілердің қолжазбаларында», «Сығанақ қаласы археологтардың қазба жұмыстарында», «Хусам ад-Дин ас-Сығанақидың ата-тек кестесі», «Сығанақ теңгеханасы», «Хусам ад-Дин Сығанақидың еңбектерінің туған жерге оралуы» сынды құнды жазба көшірмелері келер ұрпақтың рухани сусындауына даңғыл жол ашып отыр.

ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ ҒИБРАТЫ
Көне Сығанақ жайлы әңгіме қозғағанда Хисамиддин Сығанақи жайлы айтпай кету айып болар.
Есімі сан ғасырдан бері ел есінде берік сақталған дін қайраткері, өз ілімін ақындық өнерімен кестелеген Хисамиддин Сығанақидің бай мұрасы әлі күнге шығыс елдерінің кітапханаларында сақталып келеді. Араб елдерін жиі аралап, соның негізінде «Хикаяттар» атты жыр маржанын, өзге де құнды жазба жұмыстарын қалдырған ғұламаның әлі де арнайы зерттеуді қажет ететін қолжазбалары бар. Ал, ғалымның немере інісі Хусам ад-Дин ас-Сығанақидің діни мазмұндағы қолжазбалары Мысырдағы кітапхана мен Ташкент шаһарындағы Әбу Райхан Бируни атындағы Шығыстану институтының мұрағатында бар. Қолда бар мәліметке сүйенсек, ғұлама «Китаб әл-мунтахиб фи усул әд Дин» деп аталатын діни еңбекке шарқ яғни, түсіндірме жасаған. Ол қолжазба бүгінде Париж бен Каир кітапханасында сақтаулы. Және де оның «ән Насафи кітабының кіріспесіне түсіндірме нысана» және «Дәлелді өнертапқыш пен дұрыс келе жатқанның көмекшісі» деп аталатын екі еңбегі бар. Сондай-ақ осы жылдың басында ел руханияты тағы бір тарихи еңбекпен толысты. «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім мен докторант, исламтанушы Серік Тәжібаев Хусам ад-Дин ас-Сығанақи бабамыздың «Ат-Тасдид фи шарх ат-Тамһид» атты қолжазба еңбегін әзірледі. Бұл туынды бүгінгі қоғамда дін саласындағы көптеген талас-тартысқа нақты жауап беруімен құнды болып саналады. Десе де, әлемдік кітапханаларда сақталған көне қолжазба нұсқалары әлі күнге толық зерттелмеуде. Не десек те, отандық дін ғалымдары бұл бағыттағы жұмысты жандандыра түседі деген сенім мол.
Міне, осындай құнды деректермен толысқан мешіт жанындағы музейден соң, ислам ғалымдары «Хисамиддин Сығанақи» мешітінде аудандық Құран жарысын тамашалады. Кент, ауылдық округтен 20 шәкірт қатысқан жарысқа профессор Мухаммад Әш-Шәххәт әл-Жиндидің өзі уағыз-насихат айтып, келешекте ғұлама ғалымның ізін басатын ізбасарлары шығуына тілектесігін жеткізді. Осылайша Рамазан айындағы қасиетті Құран кәрімді мәнерлеп оқудан сайысқа түскен оқушылар арасынан Орынбек Жасдәурен озық шығып, І-орын алды. Екінші орынды Әбен Ильяс, үздік үштікті Шерімбет Имантай түйіндеді. Жеңімпаздар ұйымдастырушы тараптың ақшалай сыйақысы мен «Дипломына» ие болды.
Осылайша, аудан әкімдігінің қолдауымен, «Сығанақ тарихи-мәдени қорық-мұражайы» қоғамдық бірлестігі мен «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобының үйлестіруімен таныстырылым жұмысы тәмамдалды.

Әбдісамат ӘБДІШ.
22 мамыр 2019 ж. 1 132 0