№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Өнерді кие тұтқан

Аудандық Әлшекей атындағы өнер мектебіне Қалдыбай Шынтемірұлының басшы болып барғанына биыл он жылдың жүзі болады екен. Осы жылдар ішінде мектепте оқуға қамтылған талапкерлер саны екі есеге артты. Нақтылап айтқанда 2010 жылы 32 мұғалім, 232 оқушы болса, бүгінгі таңда 34 мұғалім, 461 оқушыға тәлім беруде. Кадр құрамы тұрақты. Содан да ұжымның тыныс-тіршілігінен саннан гөрі сапаға егізделген сыр-сипат аңғарылып тұрады.



Бір қынжыларлығы, ғимарат ескі, сонау жетпіс екінші жылдары әскери офицерлерге арнап салынған қызмет үйі мақсатында соғылған мекенжайда қысыла-қымтырыла жұмыс жасау қызметкерлердің көңіл ауанына көлеңке түсіретіні жасырын емес. Сонда да өнерге ұмтылған талаптың қабілетін ұштап, сырлы әлемнің көкжиегіне көзін ашуда мүмкіндікті сарқа пайдаланып, жұмыстарына мін түсірмеуге тырысқан оқытушылар қауымының қолынан бүгінге дейін қаншама қарлығаштың қанаты қатайып, өмірден өз орындарын тапты.
Ата-ана ұл-қызын мектептегі міндетті сабағынан тыс түрлі бейімділікке баулуды мұрат тұтып, білегінен жетектеп өнер ұясына алып келгенде ғимарат тар еді деп кейін қайтаруға тағы болмайды. Осы тұрғыда басшы бастамасымен аудан орталығындағы №110 мектебінде екі сыныпты және орталықтағы «Ордакент» ардагерлер үйі және жастар ресурстық орталығында филиалын ашуға қол жеткізіп, дәріскерлер сабақ кестесі бойынша жүйелі жұмыс жасап келеді. Өнер мектебі басшысы Қалдыбай Қошқарбаев бұл жөнінде былай дейді:
– Жалпы өнер мектебінде фортепиано, қобыз (қылқобыз), баян, домбыра, сурет, хореография, көркемсөз оқу шеберлігі, Жыр-терме, вокал сынды 11 жанрда талапкерлерге білім беріледі.
Бұл жұмыстарда талант иелері Айгүл Өтегенова, Шәрбану Жиенбаева, Ұлмекен Мауытова, Ботагөз Шәкен, тағы басқа да өзінің сүйікті кәсібіне шексіз берілген шынайы ұлағат иелерінің телегей-теңіз еңбегі бар екенін айтпай кетуге болмайды.
Балапан кезінен тәрбиелеп, үлкен өмірге ұшырған талапкерлеріміз арасында шәкіртіміз Әбдуоқап Сымбат Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияның домбыра класын қызыл дипломға бітіріп, магистратурада оқып жатса, Сейілханұлы Бағдат осы оқу орнын «Домбыра-прима» аспабы бойынша бітіріп, Каг-ГУ-де білімін жалғауда, ал Мәуленов Қыдырәлі консерваторияны тәмамдап, сол оқу орны оркестрінде жұмыс жасайды. Тағы бір шәкіртіміз Рахман Әбдіқадыр Астанадағы өнер академиясында білім алуда.
Әбдірейім Әзиза консерваторияның вокал класында, Мұстафа Ерсұлтан Чайковский атындағы музыкалық колледжінің халық апаптар бөлімін бітіріп, бүгінде консерваторияның 1 курс студенті Арқабаев Ержан Өнер академиясын бітіріп, Кония қаласында доктарантурасын жалғауда Түркияда алғаш домбыра үйінмесін ашып, насихаттап жүр.
Біздің мұндай топжарған таланттарымыз көп және олар өнер мектебі қабырғасында оқып жүрген кездің өзінде Қазақстан атынан халықаралық жарыстарда жарқырап, танымал болып үлгерді. Осының барлығында біздің ұжым дәріскерлерінің дәстүр сабақтастығына қылау түсірмеген, табанды еңбегі мен талапты демеуге келгенде жүрегінен мейірім төгілген теңдессіз қамқорлығы жатыр, – дейді.
Болашақ ұрпағының өресінің биік болуын қалайтын әркімге есігін айқара ашып, бекзат өнерге баулуға барын сала жұмыс атқарған береке мен ынтымақ ұялаған ұжымның бағыт-бағдары осындай.
Баян ҮСЕЙІНОВА
06 қазан 2019 ж. 699 0