Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Праймериз – көшбасшыларды таңдады

Праймериз – көшбасшыларды таңдады


2020 жылдың 1-4 қазанында «Nur Otan» партиясының праймериздік іріктеуі өткені белгілі. Қазақстанда партиялық институт тәжірибесінде тұңғыш рет болған іріктеу ашық әрі жариялы өтті. Саяси додаға өзінің белсенділігін танытып, қатысуға ниет еткендер бағдарламасын насихаттап, пікіртасласқа қатысты. Бірнеше айға созылған партияішілік бәсекелестік аяқталды. Яғни нұротандықтар онлайн және офлайн тәсіліне сүйеніп, өз таңдауын жасады.


«Nur Otan» партиясының сайлауалды іріктеуіне белсенді атсалысқан үміткерлерге бас партияның Қызылорда облысындағы филиал төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова «Алғыс хатын» жолдады. Оны аудан әкімі Руслан Рүстемов табыс етіп, праймеризге қатысушы үміткерлерді құттықтады.
– «Nur Otan» партиясы еліміздің өсіп өркендеуін қамтамасыз етуге қауһарлы бірден-бір саяси күш. Партия елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптастырып, азаматтық қоғамды дамытуға мән беріп келеді. Соның айқын дәлелі – праймериз. Шынында, праймериз азаматтық қоғамның дамуына белгілі бір деңгейде ықпал етті. Қатысушылар елді мекендерді аралап, бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кез­десіп, бағдармаларын ұсынып, елдегі ахуалды шынайы көзбен көріп, шешілу жолдарын саралады. Бұған қатысуға жастар мен әйелдердің ниет танытуы қуантты. Бұл соңғы саяси дода емес. Демократиялық құндылықтарды жоғары қоятын елімізде әлі талай сайлаулар өтетіні анық. Сондықтан ұттым немесе ұтылдым деуге болмайды. Ең бастысы, халықтың сенімі үшін жұмыс жасай беру керек, – деді Руслан Рүстемов.
Рас, әкімнің айтқан сөзінің жаны бар. Біз праймеризге қатысушыларды әлеуметтік желі арқылы бақыладық. Олар ұстанымы мен ұсыныстарын жариялап, партияластарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Осы кезде үміткерлердің халық алдындағы бедел-биігін де көрдік.
Жаңақорған ауданында талай істің түйінін тарқатуда үлесі бар меценат, облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ысқаққа деген елдің ыстық ықыласын көрдік. Халықтың әлеуметтік ахуалын көтеруге негізделген бағдарламасы да көптің көңілінен шықты.
– Адамның өмір сүру деңгейі артқан сайын жаңа мәселелер туындайтыны анық. Соны дер кезінде шешіп отыру маңызды. Осы бағытта жүйелі жұмыстарды атқару әрбіріміздің міндетіміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір тұлға туған елдің алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге шақырды. Осы бағдарлама аясында білік-білімім, күш-жігерім жеткенінше еңбек ететін боламын, – деді Жанкелді Ойшыұлы.
Елдің ой-тілегін біліп, мақсат-мүддесі жолында жұмыс жасаған жағдайда озық елдердің қатарына енеміз. Ол үшін – азаматтық қоғам белсенді болуы тиіс, ол үшін – атқарушы билікпен қатар депутаттық корпус халықтың арман-тілегіне жауап беруге қабілетті болуы тиіс. Праймериз осындай байланыс қандай деңгейде екенін айшықтап берді. Бұл ойды меценат, жастар жанашыры Арман Мажитов қуаттап:
– Жастар праймеризге қатысу арқылы қоғамға танылса, белсенді әйелдер өздерінің бағдарламасын ұсынып, елдік жолда қызмет етуге бекінді. Мұның бәрі барлық деңгейдегі мәслихат және Парламент Мәжілісіндегі депутаттық корпусқа белсенді, білікті, білімді азаматтарды таңдап алуға жол ашты. Яғни бәсекелестік негізде жаңа көшбасшыларды айқындауға мән берілді. Праймеризге қатысып, жақсы нәтиже көрсеттім. Мені қолдаған барша партияластарыма алғыс білдіремін. Артылған жүктің салмағы да ауыр. Осы жолда сенім білдірген азаматтардың үмітін ақтауға бар күш-жігерімді саламын, – деді.
Шынында, ердің жүгін арқалап, елдік мүдде жолында қызмет етіп жүрген Динаш Ахметова, Зағипа Абжалелова, Баянкүл Божбанбаева, Роза Исаева, Жанат Жүсіпова, Әсемгүл Тілеубергенова және т.б праймеризге қатысып, белсенділік танытты.
Біз сайлау учаскесінен жас кәсіпкер Нұғыман Беласаровты кездестірдік. Ол: – Праймериздік таңдау идеясын қолдаймын. Кандидаттардың ішінде білім-білігі, парасат-пайымы жоғары, халықтың әлеуметтік жағдайына дем беруге қабілеттілері бар. Соларға дауыс бердім, – деп пікірін білдірді.
Айта кететіні, республика бойынша партияның 786 805 мүшесі бар. Оның 662 687-і өз таңдауын жасады. Қызылорда облысындағы 43 742 нұротандықтың 39 394-і дауыс берді. Жаңақорған ауданы бойынша партияның 94 проценті партияішілік іріктеуге қатысып, 1987-і онлайн, 1688-і дәстүрлі дауыс берді.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
10 қазан 2020 ж. 354 0