№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партия ашықтықты қолдайды

Партия ашықтықты қолдайды

«Nur Otan» партиясының жауапты хатшысы Арман Қырықбаев Жаңақорған ауданына келіп, ішкі партиялық іріктеуді реттейтін праймеризге дайындық жұмыстарымен танысты.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов бастаған топ алды­мен М.Көкенов атын­дағы аудандық мәдениет үйіне тоқтады. Онда праймериз қатысушылары пікір­сай­ыс­қа түсетін алаңды көрді.
– Жаңақорғандықтар­дың праймеризге көзқа­расы, бел­сенділігі қа­лай?
– Өте жақсы қабылдады, белсенділігі де жоғары. 55 адам праймеризге қатысуға бел байлап отыр. Оның 49-ы аудандық мәслихатқа, 5-і облыстық мәслихатқа, 1-і Парламент Мәжілісіне депу­тат болуға үмітті.
– Ауданда партияның қанша мү­ше­сі бар?
– 3675 мүшесі бар.
– Праймеризге кімдер тү­суде?
– 17 әйел, 38 ер адам қатысады. Оның 16-ы жас­тар болса, 8-і көп балалы ана. Бір зейнеткер бар.
– Праймериз партия­ның сайлауалды тізіміне енетін кандидаттарының сапалық құрамын мүм­кін­­дігінше жақсар­татын тетік. Дода арқылы жүз­ден жүйрік, мыңнан тұл­­парды таң­дап алып, со­лар­ды ті­зім­­­ге ен­гі­зу міндеті тұр. Сондықтан ашықтыққа мән беру керек.
– Әрине ашықтық пен жариялықты басымдық етіп, белсенді, білімді, білікті аза­маттарды іріктеуге мән бе­реміз.
Бұл – бас партияның жауап­­ты хатшысы Арман Ораз­байұлы пен «Nur Otan» пар­тия­сының жұмыстарын ау­дан­да үйлестіріп отырған Мәжит Балқожаұлының өзара пікір алмасуы.
Пікірсайыс алаңына жо­ға­ры бағасын бер­ген хатшы барлық қатысушыларға тең­дей мүмкіндік жасалу керек­тігін бас айтты.
Партияның өкілдері одан кейін «Ордакент» ардагерлер және жастар ре­сурстық орталығындағы дауыс беру пунктінде бол­ып, праймеризге қаты­сушылармен кездесті.
Праймеризге қатысушы – аудандық орталық кітап­хананың директоры Әсемгүл Тілеубергенова: «Праймериз – партияішілік іріктеу ғана емес, елдегі саяси рефор­малардың бастамасы. Сол себепті оған қатысып, өзім­нің потенциалымды таны­туға бел байладым, – деді.
Аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Арман Мәжитов болса праймериз жастарға даңғыл жол ашатынын сөз етті. Ал аудандық «Іскер әйелдер» қауымдастығының басшысы Баян Божбанбаеваның сөзін­ше, праймериз азаматтық қоғамды дамытады.
Партияластарының ықы­­лас-ниетін тыңдаған Арман Қырық­баев:
– Партиялық ашықтықты қол­дап, азаматтардың өз-өзін танытуға жол аша­ды. Яғни партияішілік сай­лау шын мәнінде әрбір азамат үшін – нақты әлеу­меттік лифт екені айқын. Бұл – на­ғыз көшбасшы аза­мат­тардың іріктеліп шығып, ел­ге қызмет етуіне барынша жол ашады, – деді.
Кездесу барысында аудан тұрғындарының прай­ме­риз­ге қатысуға белсен­­ділік танытып отырға­нын білдік. Әсіресе әйелдер мен жастардың үлесі басым. Бұл – барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының кәсіби беделін арттыратыны сөзсіз...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
12 қыркүйек 2020 ж. 627 0