«Nur Otan» партияcы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі С.Мақашовтың ішкіпартиялық іріктеу – праймериз өткізудің басталуына орай ҮНДЕУІ
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңес Бюросының отырысындапраймериз өткізу ережесі талқыланып, күрделі мәселелерді шешетін ең белсенді және ең сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретіні жайлы мақұлданды. Таңдауға түсетіндердің саяси алаңда еркін жұмыс істей алуы, көптің алдында тосылмай сөйлеп, істі батыл бастайтындардың бәсі басым болмақ деп нақтылап берді.
Осы орайда, «Nur Otan» партиясы ашық түрде жариялап, партия ішінде өзара бәсекелестікті дамытудың бірден бір жолы праймериз жұмысы басталды.
Праймериз – партия белсенділерін ашық таңдау тәсілі болып табылады. Халықаралық тәжірибеде мойындалған партияішілік іріктеу тәсілін елімізде алғашқылардың бірі болып «Nur Otan» партиясы қолданысқа енгізіп отыр.
Бұл тәсіл партияның өз ішіндегі мықтыларын анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, пікірі, ұстанымы партиямен үндес азаматтарды партия қатарына тартуға септігін тигізетіні сөзсіз. «Nur Otan» партиясының жаңа тұлғалары осы праймериз арқылы қалыптасады жəне сайлау құқығына ие əрбір азамат үміткер бола алады.
Праймериз ережесіндежастар мен әйел азаматтар үшін арнайы квота сақталып, бүгінгі қоғамның қалыптасуына, халық арасында, бел ортасында жүрген нәзік жандылар мен жастар үшін мол мүмкіндік қарастырылып отырғандығын да ерекше атап өтуіміз керек.
Осы орайда барлық белсенділерді еліміздің болашағы үшін жасалып отырған саяси мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырамын!