№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » КӘСІПКЕР ЖӘНЕ ПРАЙМЕРИЗ.

КӘСІПКЕР ЖӘНЕ ПРАЙМЕРИЗ.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары кәсіпкерлермен кездесті. Кәсіпкерлермен кездесу барысында сөз алған бірінші орынбасар М.Балқожаев: "Қазақстанның партия тарихында түңғыш рет праймериз жүзеге аспақ. Бұл еліміз үшін айрықша оқиға. Қазіргі таңда барлығымызға белгілі "Nur Otan" партиясының ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастау алып, 3 қазан аралығында партияішілік іріктеу – праймеризі өтеді.
Праймериз – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға, одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу.
Праймериздің негізгі мақсаты да осы партияішілік іріктеу арқылы өндіріп іс жасайтын, ел алдына шығар жаңа көшбасшыларды құрамын жасақтау. Праймериз – елдің ықыласына бөленген, ерік-жігері ерен, жергілікті жерлердегі көпшіліктің мұраты үшін күресуге, партия атынан тұрғындарды мазалап отырған мәселелерді шешумен айналысуға дайын адамдарды іріктеп тізімге енгізуді көздейді. Яғни «Nur Otan» партиясы жаңа бастама арқылы партия ішіндегі көшбасшыларды анықтайды" - деп атап өтті.

24 тамыз 2020 ж. 448 0