№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОЛ: ҚАШАН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ?

ЖОЛ: ҚАШАН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ?

  Жаңақорған кентіндегі ойдым-ойдым асфальт жолдарға 10-сәуірден бастап қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров «Фейсбук» әлеуметтік желісі парақшасында хабарлады.
«Жаңақорған кентінің басты мәселесіне айналған көшелерге ауыз су құбырын жүргізудегі қазылған көшелерді асфальттау жұмысы 2019 жылдың 10 сәуіріне дейін басталатынын мәлімдеймін.
  Қазылған көшені асфальттау – мердігер компанияның міндеті. Яғни, жеңімпаз компанияда жолдарды қалпына келтіру мақсатында қаржы қаралған. Сонымен қатар, мердігер компания өз қаржысымен кент орталығындағы бірнеше көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізеді», дейді Нұрбол Бакиров.
  Сондай-ақ аудан әкімінің баспасөз хатшысы мердігер компания былтыр уәде бергеніндей жол жөндеу жұмысы неге наурыз айынан басталмағанын түсіндірді.
  «Мердігер компания Түркістан қаласындағы асфальт зауытпен келісім шартқа отырған. Алайда, аталған зауыт өз жұмысын сәуір айының 4-5 күні бастайды. Одан бөлек, наурыз айындағы жауын-шашынды ауа-райы асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуына өз кедергісін тигізетіні өздеріңізге белгілі.
  Кентішілік жолдарды қайта қалпына келтіру кезінде кемшіліктерге жол беру мәселесі тікелей жергілікті қоғамдық ұйымдар мен аудан белсенділерінен, аудан әкімдігі және аудандық мәслихат жанынан құрылған комиссияның бақылауында болады» дейді Нұрбол Бакиров.
Айта кету керек, Жаңақорған кентінің «бас ауруына» айналған ауыз су мәселесі 2017 жылдан бастап «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге аса бастағаны белгілі. Бағдарлама аясында жүзеге асып жатқан жобаға жалпы көлемі 4 млрд. теңге қаралған.
  Алайда ауыз суға қарық боламыз ба деген қарақұрым халық, бүгінде қазылған арықтан көз аша алмай қалды. Кентішілік ауыз су құбырларының жүргізілу барысына аудан және кент әкімдігіне тұрғындар тарапынан түсіп жатқан арыз-шағымда есеп жоқ. Өткен жылы әкімдікте өткен алқалы жиында ауыз су құбырын жүргізіп жатқан бас мердігер «Темір Строй Сервис и Ко» ЖШС басшылығы жолдарды қайта қалпына келтіру жұмысы 2019 жылдың көктем айында басталады деген болатын. Енді міне, «өлмеген құлға келді жаз» демекші, уәделі көктем айының отыз күні артта қалды. «Сәуір болмай, тәуір болмайды» дегендей, бар үміт – сәуірдің алғашқы он күндігінде болып тұр. Бас мердігер солай дейді. Солай боларына сенейік. Бастысы талапқа сай сапалы жүргізсе болғаны. Бұл тұрғыда аудандық бақылау комиссиясынан бөлек, қоғамдық ұйым жетекшілері мен әлеуметтік желі белсенділері де өзекті мәселеге ортақ мүдде аясындағы ойларын еркін жеткізіп отырғаны абзал.
  Мердігер компанияның ауыз су жүйесін жүйелі жүргізудің барысы және жолдарды қайта қалпына келтіруге байланысты жұмыстары жөнінде алдағы нөмерде кеңірек беретін боламыз.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.

02 сәуір 2019 ж. 1 011 0