Сапалы бағдаршамға сұраныс артты
Бағдаршам – жол қозғалысын реттеуші құрал. Иә, сансыз ағылған көліктер мен жаяу жүргіншілер арасында дәнекер болып, діттеген жеріңе аман-есен жетуде үш көзді шамның қызметі зор. Кенттегі бағдаршамдар қай жылы салынды? Олар заман талабына сай ма? Кенттің қай тұсына бағдаршам қызметі қажет? Көпшіліктің көкейіндегі осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
ХІХ ғасырдың 80-жылдары Лондонда жол реттеуші құрал іске қосылып, оның қызыл және жасыл шамы жанатын болды. Қолмен басқарылатын құралды инженер Джей Найт ойлап тауып, оның идеясын қалың ел қолдады. 1889 жылы тұңғыш рет Лондондағы Парламент үйінің іргесіндегі қиылысқа орнатылады. 1910 жылы Нью-Йоркте алғашқы автоматтандырылған бағдаршам іске қосылды. 1920 жылы қызыл, сары, жасыл түспен көлік жүрісін реттейтін болды. Мұның тиімділігін түсінген елдер ізін суытпай сатып алып, дүние жүзіне тарала бастады.
Қазіргі бағдаршамдар 1923 жылы 5 тамызда Гаррет Морганның ұсынғанына ұқсас түрі. Яғни үш түс бірінен кейін бірі жанып көлік қозғалысын реттейді. Ал өз жерімізге келсек, Жаңақорған кентіндегі бас көше – Хорасан ата көшесінің бастауындағы («Sinooil» жанар-жағар май бекетінің қасында) басты бағдаршам сары түсті танымайды. Қызыл мен жасыл түс алма-кезек ауысады. Соның салдарынан жол қозғалысында кедергілер болатыны рас. Бірі жасыл түс өшіп жанып жатқан кезде өтіп кетуге ұмтылса, екінші бағыттағы жүріс менікі деп алға ұмтылады. Содан болар дәл осы тұста жол көлік оқиғасы жиі орын алады. Бұл жағдай 132 жыл бұрынғы Лондон көшесін еске түсіреді. Заман жетіліп, уақыт озған заманда бағдаршамды уақытқа сай бағамдай алмағанымыз қалай болғаны...
Тарихқа қайта зер салсақ, 1938 жылы Қазақстанда алғашқы бағдаршам Алматы қаласының Панфилов пен Гоголь көшесінің қиылысында орнатылды. Осыдан бастап қала көшесінің қозғалысы реттеліп, 8000-нан астам көліктің бағыты реттелді. Осыдан соң өзге қалалардағы қиылысқа бағдаршам қойыла бастаған. Жақында ғана Қызылорда қаласында алыстан келе жатқан көлікпен шағылысып, «жол бағытына пәрмен беретін» ерекше үлгідегі бағдаршамдар іске қосылды.
Жаңақорғандағы ең алғашқы бағдаршам жайында дерек сақталмаған. Дегенмен, көпшіліктің айтуы, өткен ғасырдың басында алғашқы бағдаршам Хорасан ата көшесі мен Тәуелсіздік көшесінің қиылысына ілінген екен. Осы жылда ауданда 2031 көлік ресми тіркеліпті. Бүгінде 9 жерде кездесетін бағдаршамның біразы ескіріп, көбінің қызмет көрсету сапасы төмендеген.
Кенттегі тоғыз бағдаршам Амангелді-Мұсаханов, Амангелді- М.Көкенов, Амангелді-Алтынсарин, Мұсаханов-Байкенжеев, Хорасан ата-Қожанов, Хорасан ата-Раушан, Хорасан ата-Тәуелсіздік, Раушан-Б.Майлин, Б.Майлин-Сығанақ көше қиылысында орнатылған.
Кенттегі көлік қозғалысы көп Амангелді-Мұсаханов және Хорасан ата-Тәуелсіздік көшесіндегі құрылғыны жаңартатын уақыт келді. Бұл жөнінде көлік тізгіндеген жолаушылар жиі шағым айтып, әлеуметтік желіде ойларын бөлісіп те жүр. Сондай ойды қуаттайтынның бірі Асылбек Жұмахан: «Халыққа такси қызметін көрсететін болғандықтан, кенттегі көп көшенің жайын білеміз. Бағдаршамдардың сары түсі жанбауы, сигналдардың дұрыс берілмеуі, оған қоса асығыс жүргізушілер салдарынан көше бойында төтенше жағдай жиі орын алады. Кінәліні іздеп табу мүмкін емес. Әркім өзін қорғауға құмбыл. Сондықтан сапалы бағдаршамға сұраныс бар», – деді.
Кент тұрғындарының пікірінше, базар маңындағы М.Көкенов пен А.Нақыпов көшесінің қиылысына бір бағдаршам қойылуы тиіс. Себебі, базар маңынан шыққан сансыз көліктер мен орталық стадион жаққа бет түзеген көліктердің қозғалысын реттейтін уақыт келді.
Кент тұрғыны Нұржан Рақымбекұлы: «Нұр базарының алдындағы көше өте тар, әрі көлік қоюшылар қарасы көп. Нақыповпен қиылысқан тұсы көлік тізгіндегендерге қауіпті. Осыны ретке келтірсе, халық разы болар еді», – дейді.
Рас, осы тұстан өткен әрбір тұрғын аяғын аңдап баспаса, қатер аяқ астынан болатынын жақсы біледі. Себебі «Нұр базары» маңындағы кәсіпкерлік субъектілері мен мекемелердің қызметін тұрғындар жиі пайдаланады.
Тұрғындардың сауалына «Жаңақорған ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолаушылары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Дәулет Өмірәлиев:
– Кенттегі бағдаршамдардың жайы бізге белгілі. Ескі құрылғыларды жаңартып, заманауи құрылғыларға айырбастау үшін сметалық құжаттар қабылданып, мердігерді айқындап, осы жылдың соңына дейін бітіру үшін «Аңсар Строй» ЖШС қызмет көрсететін болады, – деді.
Бас маман асфальттанған көшелерде бағдаршамдар жаңаратынын айтты. Тарқатып айтсақ, Амангелді-Мұсаханов пен Хорасан ата-Б.Майлин қиылысындағы бағдаршам жаңартылады. Сондай-ақ «Нұр базарының» маңындағы қиылыс бағдаршаммен толықпақ. Бұл туралы «Аңсар Строй» ЖШС директоры Шархан Әмзеев жеткізді.
– Мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша бағдаршам орнатуға біздің компания жауапты. Алдағы айда көрсетілген бағдаршамдар толық жаңарады, – дейді ол.
ТҮЙІН. Бүгінде бағдаршамды реттеу, көшені кеңейту маңызды шаруаға айналды. Себебі жыл өткен сайын көлік саны артып келеді. Мұның салмағын жергілікті басшылар да сезініп отыр, тек сапаға мән берсе болғаны...
Мақпал МАРҚАБАЙ