№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

   №53 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Досжанова: «Абайтану ілімі – тарих толқынында өміршеңдігін дәлелдеген рухани-мәдени құндылықтарды зер­делеуде, ұлттық таным-түсінікті танып, салт-сананы ұғуда бағдаршам бола­тын құрал» дейді.

Расында ақынның мұрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бөл­шегі, ажырамас өзегі. Әсіресе нарықтық қатынастан күйреген ұлттық қадір-қасиетті жаңғыртуда Абайдың «толық адам» идеясын насихаттау маңызды.
Абай шығармашылығында білімсіз­дік пен надандықты, жалқаулық пен екіжүзділікті, күншілдік пен ман­­сап­­қорлықты, менмендік пен мақ­тан­шақтықты, әділетсіздік пен сатқындықты сөз етіп, жаман қасиет­терді тәрбиелеу керектігін түсіндіріп, «толық адам» ілімін мұра етті. Қайырлы қоғам, өркениетті ел болудың жолына бағыттап, кемелденудің қайнарын көрсетті.
Бұл дегеніңіз, Абайдың мұрасы ұлттың рухани байлығы деген сөз.
Біз осыны түсінбей, бас ақынды танып-біле алмаймыз. Мұндай ойды №221 мектеп директорының орын­басары, филолог Батырхан Жоланов қуаттайды.
Абайдың ішкі ойы мен өмірді тану философиясын тану үшін ең бірінші қара сөздеріне назар аударып, әрбір қара сөзін талдап, ғылыми айналымға енгізіп, тұрмыстық деңгейде тұтыну деңгейіне жеткізу керек. Сонда ғана Абайдың өміршең ілімі өркениет көшінде бағдаршам бола алады.
– Абай үні ғасырлар өтсе де, өзі­нің қуатты күшін жоғалтқан жоқ. Қайта уақыт өткен сайын Құран мен хадистермен өрнек тапқан ойла­ры өміршеңдігін дәлелдеп, мән-маңызы артып келеді. Абай ілімін насихаттағанда оның қара сөздерін нысанаға алған абзал, – дейді ардагер ұстаз Есенгелді Ержігітов.
Абайдың рухани мұрасының қуа­тына қанық ұстаздар онлайн өткізіліп жатқан шаралардан хабардар екенін және оның қажеттілігін атады.
Демек Абайдың тойын онлайн форматта да жоғары деңгейде өткізуге болады. Тек дана Абайды, дара Абайды насихаттауға ықылас-ниет болса болғаны...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
02 мамыр 2020 ж. 1 751 0