№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » XXI ғасыр – әйелдер ғасыры ма?

XXI ғасыр – әйелдер ғасыры ма?


Ананың саулығы тұрмыс әлеуетінен, одан қалса, мемлекеттің жүргізген сауатты, сапалы реформасының нәтижелігінен көрінеді. Ал жыл сайын өркениеттік бәсекелестік артып келе жатқан жағдайда «қай елдің әйелдерінің отбасылық кірісі жоғары?» деген сауалдың да маңызы артып отырғаны сөзсіз. Олай болса, «қай елдің тұрмысы жақсы?» дегеннен гөрі, «қай мемлектте аналар бақыттырақ тұрады?» деп сауал қою орынды. Ендеше...

Дамушы ел ретінде өркениет жолына енді түскен посткеңестік елдер үшін алпауыт мемлекеттермен бәсекеге түсу қиындау шығар. Салыстырмалы түрде қарағанда, әлі де бұрынғы посткеңестік елдердің жағдайы мәз емес екенін байқауға болады. Оған біріншіден, экономика қуатының әлжуаздығы себеп. Десек те, «Балаларды құтқарыңдар!» қоғамдық ұйымының зерттеуінше, бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің ішінен әйел-аналары жақсы тұратын мемлекеттердің қатарында алдыңғы орындары Белоруссия мен Молдова алады. Алдыңғы орын дегеннің өзінде олардың рейтингтік көрсеткіші – 21-орынды көрсетіп тұр. Одан кейінгі орын (24) Ресейде. Ал Қазақстан мемлекеті – 26-орында. Әйелдердің жақсы тұру көрсеткіші жөнінен Қырғызстан, Өзбекстан және Украина 32-орында тұр. Ал посткеңестік басқа мемлекеттердің рейтингі, тіпті, төмен, Грузия – 44, Әзірбайжан – 47, ал Тәжікстанның көрсеткіші – 56. Бұл бүкіләлемдегі мемлекеттердің барлығын салыстырмалы түрде қарағандағы жағдай. Ал алғашқы ондықты әйелдерге ең жақсы жағдай жасалған мемлекеттер алады. Олар: Швеция, Дания, Норвегия, Швейцария, Финляндия, Канада, Нидерланды, Австралия, Австрия және Ұлыбритания. Ал ең соңғы орындарда – Нигера, Буркино-Фасо, Эфиопия, Гвинея-Бисау, Иемен, Съерра-Леоне, Гвинея, Мали, Чад және Ангола. Аталған елдерде бір жасқа толмаған сәбилердің қайтыс болу көрсеткіші алғашқы ондықтағы мемлекеттерден 27 есе жоғары. Соңғы ондықтағы елдерде әрбір он әйелдің төртеуі оқып, жаза білмейді. Мысалы, әйелдердің босану кезінде қайтыс болу жағдайлары бірінші орында тұрған Швециямен салыстырмалы түрде қарағанда Нигерада 600 есе жоғары.
Ал экономикасы қуатты АҚШ-тың өзі әелдерге жағдай жасалу жөнінен 11-орында тұр. Бұл ең алдымен елде аналар мен сәби өлімінің көптігіне байланысты. Бұл көрсеткіш бойынша Куба – 15, Қытай – 38, Иран – 56, Түркия – 69, ал Үндістан – 89-орында.
Әлем – еркектердің қолында. Бірақ... Статистика бойынша оқу тәртібі мен үлгерімі бойынша қыздар-әйелдер бозбалалардан көш ілгері. Ал, америкалық зерттеушілерінің пікірінше, «ХХІ ғасыр – әйелдердің ғасыры болмақ.
БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, әлемдегі бүкіл жұмыстардың 60-75 процентін әйелдер атқарады. Олардың қолымен әлемдегі өндіріс пен өнімнің 45 проценті өндіріледі. Алайда ең өкініштісі, әлемдік табыстың он-ақ проценті нәзік жандарға тиесілі. Ал әлемдік зерттеулердің орташа көрсеткішіне назар аударсақ, еркектерге қарағанда әйелдер 6-7 жас ұзағырақ өмір сүреді. Оның да өз себептері бар. Өйткені, әйелдердің ұйқысы қатты, олар уайымсыз ұйқыға беріледі. Еркектер болса, мазасыз, демек, олардыкі тынышсыз ұйқы, оның үстіне ерлер жиі ауырады. АҚШ зерттеушісі Александрос Вгонтцастың пікірінше, кеш жататын, тез ұйықтай қоймайтын, ұйқысы жиі бұзылатын еркектер қант диабеті, жүрек-қан тамырлары ауруымен тез ауырады.
Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаеваның пікірінше, біздің елдегі әйелдерді үшке бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топқа ұлттық дәстүрді берік ұстайтын аналар жатады. Олар отбасылық жағдайдағы салт-сана, дәстүрді берік ұстап, өздерін «ошақты сақтаушы» ретінде көрсетеді. Олар үшін күйеу – отбасын асыраушы. Бірінші топтағы әйелдердің көбісінің жоғары білімі жоқ. Олар көп жағдайда ауылдық жерлерде тұрады.
Екінші топты орта және егде жастағы аналар құрайды. Олар жаңа қоғамдық формацияға өкпелі, өйткені нарықтық қатынастардың келуі бұл топтағыларды жұмыссыз қалдырған. Бұл топтағылар төмен жалақы алып жұмыс істегеннен гөрі, мемлекеттік жәрдемақы алғанды тәуір көреді. Аталған топқа жататындар қосымша білім алып, қайта даярлықтан өтудің болашағы жоқ деп ойлайды.
Үшінші топқа жататындар жоғары жалақы беретін жерлерде жалданып жұмыс істейтіндер. Бұл топтағылар жас және орта жастағы әйелдер. Олар нарықтың қыр-сырын білетін, соған орай арнайы білім алғандар. Бұл категорияға жататын аналар мен арулар қоғамдағы отбасылық әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзіне қатысты болып тұрғанын айқын аңғарған жандар. Олардың ішінде саяси карьерасын биліктен іздейтін жастар көп.
Үшінші топтың қосымша бөлігін құрайтындар – кәсіпкер әйелдер. Олардың басты мақсаты – нарықтан қалмау. Сол үшін өмір сүреді. Олар бір алаңдатарлығы, тәуекел жасап, үлкен бизнеске баруға қорқады. Бұл топтағыларпдың бизнесі «бір күндік ас» және бірсыдырғы кәсіпті сақтап қалу.
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында 3,5 млн қыз-келіншек жұмыста, бұл жұмыс жалпы жұмыс істеушілердің 48 пайызы. Жыл сайын әйелдер арасында жұмыссыздардың да көрсеткіші төмендеп келеді. 1999 жылы әйелдердің 13,5 пайызы жұмыссыз болса, 2004 жылы бұл 8,4 пайызға төмендеп, өткен жылы бұл көрсеткіш 8,1 пайызды құрады. Десек те, Үкімет кәсіпке бет бұрған аруаналарға жыл сайын көмектесіп келеді. Мысалы, өткен жылы шағын және орта бизнесті дамытуға бөлінген 300 млн. теңгенің жартысы әйелдердің нарыққа бейімделуіне жұмсалды. Мамандар әйелдердің ерлерге қарағанда үш есеге дейін аз жалақы алатын білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыстық ықзмет көрсету секілді салаларында қызмет атқаратынын айтады. Қазақстан тұрғындарының 51,8 пайызы әйел адамдар болғанымен, олардың билікке араласу деңгейі тым төмен. Мәселен, Парламенттегі орынның 10 пайызы, мәслихаттардағы орынның 17 пайызы, Үкіметтегі жайлы креслоның 1 пайызы ғана әйел-аналардың еншісіне тиеді.
«НюзЮик» журналының мәліметінше, америкалық отбасылардың 54 пайызы билікте еркекке қарағанда, әйелдердің қызметте жоғарылағаны тиімді деп санайды. Жалпы АҚШ нарығында жұмыс істейтін әйелдердің 34 проценті күйеулеріне қарағанда жоғары жалақы алады. АҚШ әйелдерінің көбісі қаржысы жоғары мұнай-газ және қаржы компанияларында жұмыс істейді.
АҚШ үкіметінде қызмет істейтін әйелдердің үлесі – 14 пайыз, Швециядағы қыз-келіншектердің 45 пайызы билікте, Данияда бұл көрсеткіш – 38 пайыз, ал Финляндияның лауазымды қызметі – 37 пайыз әйелдерден тұрады.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
23 қыркүйек 2020 ж. 552 0