Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстанға ойыншықтар қайдан келеді?

Қазақстанға ойыншықтар қайдан келеді?


Ақпарат көздеріне сүйенсек, елге ойыншық жеткізуші елдердің алдыңғы қатарында тұрған ел – Қытай. Одан кейін Ресей, Польша және Біріккен Араб Әмірлігі. Ойыншық нарығында көш бастап тұрған қытайлық ойыншықтар қазір елдің барлық базарын жаулап алған. Мәселен, кез-келген дүкеннен ойыншық сатып алып, аңғарып қарасаңыз, «Made in China» деген жазуы тайға таңба басқандай көрінеді. Осыдан-ақ, қытай ойыншықтарының жаулап алғанын білеміз. Айта кетерлігі, кейбір елдердің ойыншық жасауда алдыңғы қатарда тұрғанымен, олардың 70 пайызы Қытайда жасалады екен. Мәселен, «Mothercare» компаниясының ойыншықтары Польшаның маркасымен шыққанымен Қытайда өндіріледі. Сонымен қатар, Marwin, Lego, Hasbro, Mattel сияқты әлемге танымал фирманың ойыншықтары да қытайлық өнімдерден жасалады. Әлем елдерінің ойыншықтарын Қытай компанияларында өндірудің де өзіндік себебі бар. Біріншіден, арзан жұмыс күші. Екіншіден, салық төлемінің төмендігі. Үшіншіден, экология мен қоршаған ортаның ластану салығының аздығы. Төртіншіден, медициналық сақтандыру қызметтерінің өте арзан болуы. Бүгінде Күншығыс елінде 8 мыңнан астам компания ойыншық жасаумен айналысады екен. Олар жылына отыз мыңға жуық ойыншық түрін шығарады.
11 қыркүйек 2018 ж. 1 714 0