Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оңай олжа оңалтпайды

Оңай олжа оңалтпайды

Жыл сайын Жаңақорғанда ашылған қылмыс түрлеріне қарап жағаны ұстайсыз. Бір жылдары жол апаты жиілейді, келер жылы мал ұрлығы шарықтайды, тіпті қатыгездікпен адам өлімі орын алады. Биыл есірткі бизнесі өршіп тұр. Аудандық соттан алған нақты мәліметтерден осыған көз жеткізуге болады. Есірткі өсіру оңай олжаға кенелемін дегендердің әрекеті емес пе? Не десек те, дәл қазір біздің ауданда есірткі дерегі көбейіп тұр.

Шыны керек, соңғы уақытта аналардың кабинет жағалап, әлеуметтік жағдайына шағымданып жүруін, жастардың ауыр жұмыстан қашып, папка көтеруге құмартуын, қыздардың ұлттық дәстүр-дағдыдан алыстап жүргеніне қарап жиі ренжитініміз бар.  Бірақ алдыңғы аға буынның мал ұрлығы мен нашақорлықпен ұсталып, істі болғанын көргенде қалғандарына ренжуіміз бекершілік пе деп қаламыз. Өйткені алдыңғы дөңгелек қайда жүрсе, соңғысы да солай бағыт алатыны рас қой. Аудандық сот не дейді, алдымен осыдан бастайық.
Биыл аудандық сотта есірткі затын кәсіпке айналдырмақ болған 11 адамның ісі тіркелді. Оларға қатысты 9 іс қаралып, үкімі шықты. 5 адам абақтыда жазасын өтеуге жіберілсе, қалғаны да жазасыз қалмайтыны белгілі болды. Бас бостандығынан айрылған азаматтардың қылмысы ауыр деп есептеліп, кем дегенде 5 жыл түрмеде айыбын өтейді. Басым көбінің үй-жайы, бала-шағасы, енді бірінің ата-анасы бар. Сонда олар кімге үлгі немесе ұрпағына кім қамқор болады? Ең қиыны осы сұраққа жауап табу.
– Биыл оңай олжа табамын деп есірткі бизнесін қолға алған аудан азаматтары көбейді. Жоғарыдағы 9 істен бөлек қазір аудандық полиция бөлімінде тағы 9 азамат тергелуде. Оларға сотқа дейін тергеп-тексеру, яғни бұлтартпау шаралары қолданылып жақын арада соттың қарауына жіберіледі. Бас-аяғы 8 айдың ішінде 20 азамат осындай қылмысқа барды. Бұл көрсеткіш Сыр өңірінде алдыңғы қатарға жеткізгені жасырын емес. Өте өкінішті, әрі ұят жағдай, – деді аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Бибайым Нәлібаева.
Сотты болғандардың ішінен құнды құжатты ақтарып көріп едік, алпысты алқымдаған ел ағасының ісіне көзіміз түсті. Ол өзінің мал қорасына және есік ауласына 90-ға жуық түп есірткі затын өсірген. Ол олма Төменарық тұрғыны үстіне киген  киімінің төс қалтасында марихуана затын сақтаған. Басты сот талқылауында сотталушы толық кінәсін мойындап, тиісті жазасын алды. Яғни ол 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Екінші жағынан мемлекет пайдасына қаржылай процестік шығынын өтеді. Бұл біз көз жүгірткен істің бергі жағы, одан да басқа қаншама іс бар.
Нашақорлық – ғасыр дерті
Жалпы біз біле бермейтін, бізге беймәлім оқиғалар өте көп. Көбіне көкжәшіктен көретін есірткі туралы оқиғаларды енді ауданнан да жиі еститін болдық. Басқасы басқа, біздегі есірткіге тәуелділікті еркелік деуге болмайды, қоғам дертіне балауға болады. Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымызды да ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? – осы сауалдар мазалайды.
Бізайттық, қорыттық, қалғанынтаразылайтынөздеріңіз...      
15 қыркүйек 2020 ж. 309 0