Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есірткі затын сақтағаны үшін сотталды

Есірткі затын сақтағаны үшін сотталды


Жаңақорған аудандық сотында сотталушы И. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен қылмыстық терiс қылық ісі қаралды.
Сот отырысында анықталғаны, сотталушы И. 2019 жылдың қыркүйек айында Қызылорда қаласының автовокзал маңынан полиэтилен пакетіне салынған жасыл түсті, өзіне тән айрықша иісі бар, өсімдік тектес затты тауып алып, оның есірткі заты екенін біліп, заңсыз сақтау мақсатында өзімен бірге тұрғылықты мекен-жайына, яғни үйіне алып келіп жасырып қойған.
Оның бұл әрекеттерін  аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен оның мекен-жайына қарап-тексеру жүргізу барысында әшкереленіп, салмағы 3.83 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты табылып алынған. Сотталушы есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Сот үкімімен сотталушы И. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 50 500 теңге айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енбеген.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі      
07 қараша 2019 ж. 906 0