№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отбасы – бақыт мекені

Отбасы – бақыт мекені


Жақында «Арман» кенттік мәдениет үйінде «Отбасы – ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі» атты тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты – еліміздің мызғымас беріктігін, тыныштығын сақтауда отбасындағы құндылықтардың бала тәрбиесінде алар орны, отбасылық дәстүрлерді жаңғырту мен отбасы мәртебесін арттыру тақырыбында әңгіме қозғалып талқыға түсті. Тренингте облыстық әйелдер, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсауле Мусаева, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Бибігүл Үмбетова бүгінгі тақырыптың мазмұны жөнінде өз ойларын ортаға салды. Шараға аудандағы көп балалы аналар, аналар кеңестері мүшелері мен түрлі салада жетістікке жеткен әйел азаматтар, мектеп психологтары мен Үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Қожамберді ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Құрманкүл Нұрымбетова: – Отбасы – адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Жас ұрпақты, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі болып тұр.Осы жағдайдың алдын алу барысында ерінбей ауылда әр үйге кіріп, 2-3 сағатымды арнап тыныс-тіршілігін бақылаймын, – деді.
Ал, Нұрсәуле Мусаева «Әр үйде ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары құнды дүниелерді бала санасына сіңіретін де отбасы. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады. Қазіргі заманғы отбасының ұрпақ тәрбиесімен шыңдап айналысуы ата-ананың білім және мәдени деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді» – деп өзіндік ойын білдірді.
Тренинг соңын Бибігүл Ахметуллақызы қорытындылап, қоғамда қазақ қыздарының дінде, ділде, ұлттық құндылығымыз тәрбиеде орны маңызды екенін тілге тиек етіп қатысушыларға алғысын білдірді.
Қыз баласы – кешегі аталар жолы тарихтың көзі, жанпидалық пен ерліктің негізі...Сондықтан бүгінгі қазақ қыздары осыларды сақтай алмасаң саған серт, ал сендерді қорғай алмаса жігіттерге серт!

Лаура БИБАСАРОВА.
06 сәуір 2019 ж. 2 481 0