Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тазалық – ортақ іс

Тазалық – ортақ іс


Тазалық табалдырықтан басталады десек, кенттің келісті келбетінің ажарын ашатын тек сәулетті ғимараттар мен гүлзарлар ғана емес, бірінші кезекте, оның тазалығында. Шыны керек, көктем шықса көгеріп, ала жаздай қоқыспен алысып, күзде қайта ластанған кейіпке енетініміз рас. Оның міндеті мен ауыртпалығын тазалық мекемесі мен жауапты қызметкерлерге ысырып тастау қисынға келмейді. Әрине олардың бұл тікелей міндеті шығар, бірақ әрбір тұрғын туған өлкеге деген жанашырлық, махаббат болуы керек ғой! Сондықтан ортақ іске бөле-жара қарап, жауаптыларға жауапсыздық арқалатпай, түсінген адамға кент тазалығына ортақтасатын кезі келді. Еш болмаса үй сырты мен аула тазалығына мән берсек, мүмкін болса көшеге де көз тастап қою нағыз азаматтық іс болар еді. Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің кенттегі барлық мекеме мен бөлім басшыларын жинаудағы мақсаты осы еді.


Руслан Рүстемұлы ауданға әкім болып келгелі ауыл-ауылды аралап, елмен етене танысып, кенттегі құрылыс жұмысы, тұр­ғындардың талап-тілегін тың­дап, қағазға түртіп келеді. Әрі уа­қыт күттірмейтін мәселелерді тиіс­ті сала басшыларына шешу­ді жүктеді. Бірақ алдымен таза­лыққа мән берілу керектігі басы ашық мәселе. Жиында осы жөнінде қатаң ескерту болды.
– Бүгінгі жиынның бағдары өте өзекті, үлкен мәдениет­ті­ліктің маңыздылығын білді­реді. Қазіргі кент келбетін қашыр­ған келеңсіздік әрбірімізге жауап­кершілік жүктейді. Көпші­лік орындардың күйі сын көтермейді, тазалықтың сақ­тал­мауы, абат­тандырылған, көр­кейтілген орын­дарға нем­құ­рай­лылық көз­қа­­­­­рас­тың «асқынуы» белең алды.Тәп-тәуір дүние талан-таражға түскен секілді сынған, бүлінген, қираған. Қарап тұрып жүрек ауырады.
Сол үшін жақында қоғамдық орындардың жағдайын өз көзім­мен көріп шықтым. Сыны кет­кен орындарды суретке түсірдім. Ол бойынша слайд дайындалды. Сөйтіп оны аудандағы меншік құқықтарына қарамастан барлық мекеме басшыларымен өткізілген жиналыста көптің назарына ұсындым. Көңілім – жанашырлық ұғымды ояту болды. Негізгі ойым – баршаны әмбеге ортақ әрекетке жұмылдыру еді, – деді аудан басшысы.
Біздің көз әбден үйренген. Ал сырттан келген қонақтар Жаңақорған кентінде көзге оғаш көрінетін жерлерді айтып жүр. Мәселен, насихат құралдары мен бояуы көшкен бағаналардан бөлек, көпшілік орындардың жай-күйі сын көтермейді, тазалықтың сақталмауы, абаттандырылған, көркейтілген орындарға тұр­ғын­дардың немқұрайлылық көз­қарасын байқауға болады. Осын­дай жайттарды Руслан Рүстемов бетке басып, намысты қажай айтты.
Озық елдеріндегі тәжірибелер адамды сүйсіндіреді. Мәселен, Корея, Жапония, Сингапур, Малайзия сынды елдердің қоғам мүлкіне қырағы қарау үрдісі қызықтырады. Неге десеңіз, ондағы әрбір саналы азамат қоғамдық орындарды құрметтеу мәдениетін жоғары қояды. Олар бұған бірден қол жеткізген жоқ. Ұлт ретінде бәсекеге қабілетті болу жолында өз-өздерін тәрбиеледі, қоғамның мүлкін қадірлеуді үйренді.
Біз де осыны үлгі етуіміз керек. Себебі бізге сырттан ешкім келіп кенттің көркіне жақсартып бермейді. Бәріне өзіміз жауаптымыз. Осыған бола өзгеден кінәрат іздеудің қажеті жоқ, тек тазалыққа мән берсек болғаны. Жиын барысында аудан басшысы слаид арқылы суреттерді көрсетіп, әсіресе жеке кәсіп иелері, кез келген мекеме аумағы қоқыстан арылмайтын болса, онда басылым беттеріне, әлеуметтік желілерге жариялауды тапсырды.
Ондай кәсіпорындар мен мекемелер аудан ортылығында аз емес. Олар кешіріммен қарауды уәж етеді. Мейлі ғой, тазалыққа мән беріп, алды-артын жинап, жөнге келтірсе. Егер тәртіпке көрбесе, жұртқа жария етіп, заңдық тұрғыда айыппұл төлейді міндеттеу керек. Бұл істе «Жаңақорған тынысына» насихат жұмысын жүргізу жүктеліп отыр. Мұны аудан басшысы тазалықты талқылаған кеңесте басылымның алдындағы міндет етіп берді. Енді жаңақорғандықтар төл газеттің «Сын-сағат» айдарына іліксе, тек өзіне ренжуі тиіс.
Жиынның негізгі мәселесі – сенбілікті өткізуде науқаншылдыққа ұрынбау. Кенттің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету мақсатында әрбір аумаққа жауапты тұлғаларды белгілеп, азаматтарды қоғамға ортақ жұмысқа бір кісідей қатысуға шақыру керек. Ол үшін көше комитеттері белсенділікті арттырып, мекеме мамандары жауапкершілікті сезінуі тиіс. Сенбілікке мектеп қызметкерлерінің тек техқызметкерлерін ғана тартқан дұрыс. Ал жалпы туған мекеннің тазалығы үшін деп білек сыбанғандар болса, онда оларға шектеу жоқ.
– Кент келбеті көркейіп, көшелер асфальттанып, жаңарып келеміз. Жылдан жылға Жаңақорған өзгеруде, әрине жақсы жағынан. Әсем ғимараттар салынды, басты көшеміз кеңейді. Дегенмен әлі де атқарылатын жұмыстар жетерлік. Барлығы уақытпен өлшенеді, ең бастысы – ауыз су келді. Ол да уақыт оздырмай толық тұрғындарға жетсе деген тілек бар, – деді Аманбай қария.
«Тазалық – денсаулық кепілі». Осы сөзге жай күндері мән бермейтініміз рас. Бірақ бүгінде көптеген қатерлі аурулардың көбейуіне экологиялық тепе-теңдіктің бұзылып, ауаның ластануы себеп болуда. Бұл мәселе әлем елдерінің назарын бұрғызды. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында арнайы тоқталды.
Өйткені табиғи апат емес, қоршаған ортаға адамзаттың қолымен жасалып отырған залал жер тұрғындарына қауіп төндіріп тұр. Соңғы жиырма жылда әлем халықтарының тұтынған тұрмыстық қалдықтары, соның ішінде полителлиннен жасалған құтылар мен қалталар жердің бетін де, астын да ластап жатқаны рас. Тіпті бойындағы химиялық қоспалардың нәтижесінде ұзақ жылдар бойы шірімейтін бұл қалдықтар жердің демін бітеп, көгал алқаптарды қуратып, құм суырған тақырға айналдыра бастады. Оның зардабын қазірде тартып отырмыз. Енді адамзат мекені – жер шарын апаттан аман сақтап қалудың жалғыз ғана жолы – тазалық сақтау және сол тазалықты әр адам өз ауласынан бастауы тиіс. Біздің түйін осы, қалғанын өзіңіз бағамдап көресіз...

Әли ТЕМІРБЕК
13 қыркүйек 2020 ж. 782 0