Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғамдық кеңеске жаңа көзқарас

Қоғамдық кеңеске жаңа көзқарас


Қоғамдық кеңес – қоғамды алға жетелейтін баспалдақ. Осы кеңесте елдің тағдыры, халықтың болашағы шешілетіндіктен бұған бей-жай қарауға болмайды. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында: «Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу керек. Оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту қажет. Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыру керек. Парламент қарауындағы тиісті заң жобасын жыл аяғына дейін қабылдаған жөн» деп атап көрсетті.
«Бір дауыс – бір елдің өмірі» деген қағиданы көңілге тоқып, мейлінше халық қажеттілігіне жұмыс жасау міндеті тұр. Жаңақорған ауданындағы қоғамдық кеңес мүшелері әркез толғағы жеткен мәселелердің түйінін тарқатып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге ықпал етіп келеді. Әсіресе, жол, су, газ мәселелерінің оңтайлы шешіліп, халық сұранысын қанағаттандыруға бағыттауда.
Бүгінде қоғамдық мүшелері 12-ге жетіп, кесте бойынша әрбір мәселелерді талқыға салуды дәстүрге айналдырып, келелі істің жүзеге асуына ықпал етуде. Президент Жолдауында қоғамдық кеңестің мүшелерін түрлі саладан тартуды, әрі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ой-пікірін де қамтуды айтты. Біз осы тұрғыда әртүрлі маман өкілдерін, сан түрлі ұлт өкілдерін де осы қоғамдық кеңесте пікірін айтуға жағдай жасаудамыз. Бұл зайырлы мемлекеттің қағидасына, азаматтардың құқығына, әлеуметтік әділдіктің орын алуына әкеліп соқпақ.

Ақылбек ЖӘНІБЕКОВ,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы
02 қыркүйек 2020 ж. 654 0