Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі реформалардың келесі топтамасын әзірледі
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жыл соңына дейін реформалардың келесі топтамасын әзірлейді. Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев эксклюзивті сұхбатында айтты. Оны Kyzylorda-news.kz. сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" хабарлайды.

«Мемлекеттік қызметшілерді жұмылдыру арқылы қауырт жұмыс жүргізіліп жатыр. Кеңеске мемлекетіміздің құрылысына өз үлесін қосуды қалайтын жаңа адамдар келгісі келеді. Олар: танымал заңгерлер, азаматтық белсенділер. Сондықтан таяу уақытта мен бұған дейін хабарлаған ауыс- түйіс жария етіледі»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.