Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастарға барлық мүмкіндік қарастырылған – вице-министр

Жастарға барлық мүмкіндік қарастырылған – вице-министр

   Қазақстанда жастаға жағдай жасалған. Бірақ оны жастар сезінбейді. Мұндай пікірді бүгін ҚР президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтуның ұйымдастыруымен өткен «Президент Қ.К. Тоқаевтың 10 міндеті: ел дамуының жаңа деңгейі» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова айтты.



Вице-министрдің айтуынша  «Серпін», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» секілді жастарды қолдауға арналған жақсы бағдарламаларды жастарға түсіндіру, жеткізу жолдарын өзгерту керек.

«Бізде жастарға барлық мүмкіндік қарастырылған. Бірақ... Ауруын жасырған адам өлетіні секілді, жасыруға болмайтын мәселелер бар. Қазір заман да, көзқарас та өзгерді. Қасым-Жомарт Кемелұлы сайлау алды бағдарламасында да, кейінгі он міндетінде де осындай өзекті мәселелерді жасырмай, көре білді. Мемлекеттік бағдарламаларды халыққа әсіресе жастарға түсіндіруде әлі де ескі тәсілдерді пайдаланып келеміз. Қазір ел әлеуметтік желіде отырады. Бұрынғыдай газеттер мен телеарналар арқылы түсіндіргенмен шектелуге болмайды», - деді вице-министр.

Сонымен қатар Жұлдыз Омарбекова жастар тиісті жерлерден өз құқығын талап ете алмайтынын айтты.

«Түске дейін өз құқыңды талап етсең, түстен кейін басқа жұмыс іздейсің» деген түсінік бар. Бірақ, бұған сенуге болмайды. Мен студент кезімнен өз құқымды талап етемін. Сөз басында айтқанымдай жастарға барлық жағдай жасалған. Енді тек жастар өздері ізденіп, өз мүддесін қорғап, талап етіп, жұмыс жасау керек», - деді ол.

Айта кетейік, президент Тоқаев 12 маусымдағы ұлықтау рәсімінде елдің әлеуметтік мәселелері мен даму деңгейін көтеру үшін негізгі 10 міндетті айқындап берген болатын. Соның оныншы бағыты жастардың дамуы үшін жағдай жасау.

Дөңгелек үстел басына жиналғандар еліміздегі жемқорлық, сот жүйесі, тұрғын үй мәселелері төңірегінде ой өрбітіп, қазір елімізде сенім дағдарысы бар екеніні айтылды. Егер, халық билікке, құқық қорғау органдарына сенсе, билік осы сенімді ақтаса, Елбасымыз айтқан дамыған елдің қатарынан көрінеміз десті.

 
Фото: ашық дереккөз
20 маусым 2019 ж. 855 0