Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 50

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ 7 СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ 7 СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН


Биыл аймақтағы 7 елді мекенде жаңа үлгідегі спорттық кешендер бой түземек. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша, 7 елдімекендегі жаңа үлгідегі кешендердің құрылысы аяқталуға жақын.
"Спортшылардың жоғары нәтиже көрсетуі үшін ең алдымен спорт инфрақұрылымын дамыту қажет. Бүгінгі таңда, атап айтсақ, Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Төретам, Сексеуіл кенттеріндегі нысандарды өз мерзімінде аяқтауға күш салудмыз. Жақын күндері пайдалануға беріледі. Мердігерлердің айтуынша, құрылыстың аяқталуына 3 ай қалды", - деді Олжас Акимов.
Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының айтуынша, өңірдегі спорттық мектептердің жеке сайттары жұмыс жасауда.
"Цифрландыру аясында біз облыстағы барлық ауданда спорттық нысандардың ресми сайтын аштық. Сайттарда барлық мәліметтер жазылған, спорттық жетістіктер, жаңалықтарды білуге, секциялар мен үйірмелердің ақпаратын алуға, сауалдар қоюға болады", - деді Олжас Акимов.
Қазіргі кезде облыс спортшылары 2 бірдей үлкен сайысқа дайындалуда.
"Спортшыларымызды алда Жазғы Азия ойындары және жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындары күтуде. Қазіргі уақытта жарысқа қатысушылар Чемпионат жолдамасын алу үшін қарқынды дайындықты бастап кетті", - Олжас Акимов.
04 сәуір 2018 ж. 1 235 1

Гость Jeahulalf от 21 ақпан 2019 22:37
Buy Salbutimol cialis cheapest online prices Ce Que Priligy Generique Viagra Bestellen Auf Nachnahme Composition Nolvadex