Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛБАСЫНЫҢ БІРЕГЕЙ БАСТАМАЛАРЫ ҚОЛДАУ ТАБУДА

ЕЛБАСЫНЫҢ БІРЕГЕЙ БАСТАМАЛАРЫ ҚОЛДАУ ТАБУДА


"Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуі бүгінде қарқынды қолдауға ие болуда. Бұл туралы бүгін Өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Тұрғын үй жинақ банкі" Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаев және "Жас Отан" Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тлес мәлімдеді.
Елді елең еткізген бастаманың бірі ол - «7-20-25» атты бағдарлама. Елбасының бастамасына Тұрғын үй құрылыс жинақ Банкі де өздерінің қолдауын көрсетуге әзір. Себебі, "Тұрғын үй құрылыс жинақ Банкі" Президенттің тікелей бастамасымен құрылған болатын. Бүгінде қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету міндетін сәтті орындап келеді.
"Тұрғын үй жинақ банкі" Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаевтың айтуынша, жаңа бағдарламаның қолданысқа енуі қазақстандықтарды үймен қамтамасыз етіп, өз баспаналарын сатып алуға мүмкіндік туғызатыны сөзсіз. Ал жалпы алғанда банктер үшін бұл бағдарлама, өзара салауатты бәсеке қалыптастырып, өз өнімдерін азаматтардың сұранысына бейімді етіп жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Елбасының жаңа импульс беретін бастаманы көтеруі ең алдымен жастарды қуантты. "Мемлекет Басшысы қай кезде де халықтың қамын ойлап, тұрмыс жағдайының, әлеуметтік мәселелерінің шешіліп отыруына қамқорлық жасауда. Әрбір жолдауында жастарды тысқары қалдырған емес. Ұсынған әлеуметтік бастамаларға мән беріп қарасаңыз, басты назарда жастар тұр. Жастар әркез Елбасымыздың қамқорлығын сезініп келеді. Ендігі кезекте сенім артар жастар үмітті ақтауы тиіс", - дейді Жас Отан" Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тлес
08 наурыз 2018 ж. 1 167 0