№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жекпе-жек сайысынан Қазақстан кубогының жеңімпаздары анықталды.

Жекпе-жек сайысынан Қазақстан кубогының жеңімпаздары анықталды.


2-4 наурыз аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Облыста алғашқы мәрте өткізілген сайыс Астананың 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Ел кубогына республиканың әр өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан 180 спортшы қатысып, 17 салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталды. 
Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының құрама командасы кубок жеңімпазы атанды. Екінші орынды – Қарағанды облысы, үшінші орынды Астана қаласының құрама командалары иеленді. 
Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығының вице-президенті, жарыстың бас төрешісі Ринат Абикешевтің айтуынша, кубок жеңімпаздары мамыр айында Минск қаласында (Белоруссия) өтетін Еуропа чемпионатына қатысады. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медаль және кубоктарымен марапатталды. 
05 наурыз 2018 ж. 1 420 0