Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» Жағымды жаңалықтарымыз көп болғай!

Жағымды жаңалықтарымыз көп болғай!


Ардақты ағайын, көптен күткен қуанышымызбен бөліскелі отырмыз. Бүгін аудандық аурухананың КВИ-1 инфекциялық бөлімінен СОҢҒЫ НАУҚАС сауығып шығып, толық емін алып аман-есен үйіне қайтарылды. Сонымен, қазіргі уақытта ауруханадағы КВИ-1 инфекциялық бөлімшесінде бірде-бір науқас ЖОҚ. Ауыр індеттің СОҢЫ да осы болғай! Сондай-ақ, Төменарық ауруханасындағы провизорлық стационар да жабылды. №1 провизорлық стационардан бүгін тағы 5 науқас сауықтырылып үйлеріне қайтарылды, қазіргі таңда 4 науқас провизорлық бақылауда. Олардың да тез арада сауығып отбастарына оралуларын тілейміз. Осы рете, "COVID-19" пандемиясы мен вирусты пневмониямен күрес шараларына барын салып жұмыс жасаған денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Ауырмаңыздар ағайын, аман болыңыздар!!!

АУРУХАНА ӘКІМШІЛІГІ
---
12 тамыз 2020 ж. 647 0