» » Шатырын жауып, шаңыраққа шаттық сыйлады

Шатырын жауып, шаңыраққа шаттық сыйлады


Жақында кенттегі "Құм сахаба" мешітінің имамы Ержан тақсыр Сейтжаппаров ерікті жастарға Саяжай мөлтекауданындағы тұрғынға көмек көрсету жөнінде арнайы айтқан болатын.

Саяжайдағы З.Байзақов көшесі 115 үй тұрғыны А.Көшербаеваның қатты желдің салдарынан үйінің шатыры ұшып, жарамсыз болып қалған. Жаңбыр жауған күндері үй ішіне су кіретіндігін, және тері ауруымен ауыратын баласы бар екенін жеткізген.
Мұны естіген "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобының белсендісі Даулет Тұрабаев пен Наржан Молдабаеков сауапты істе қолға алып, ерікті жастардың көмегімен жылу жинады.
Жиналған қаржыға қажетті шифер, страпила, қаңылтыр, шегесі мен өзге де материалын алып, бүгін тұрғын үйдің шатырын қағып берді.
Атсалысқан барша азаматтарға Алла жар болсын!

Р.S... Елдің жинаған жылуы болғандықтан сатып алынған әрбір шегесіне дейін ел алдында есеп беру - біздің борыш.

Жаңарған Жаңақорған Жастары
05 тамыз 2020 ж. 549 0