Азық-түлік бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде
Ауданда азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары бірінші кезекте назардан тыс қалған емес.
Аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлының тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қ.Бүркітбаев, Жаңақорған аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Н.Орынбасаров және Жаңақорған ауданының «Ауғанстан ардагерлері және патриот жастары» қорының төрағасы Қ. Әбіләкимов аудан орталығындағы азық – түлік сататын сауда үйлеріндегі әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі (күріш, бірінші сұрыпты ұн, бірінші сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нан, қарақұмық жармасы, рошки, сиыр еті, тауық еті, сүт пастерленген 3,2 %, айран 2,5 %, тауық жұмыртқасы, сары май, шемішке май, қырыққабат, жуа, сәбіз, картоп, құмшекер, тұз) азық – түлік тауарларының бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының бағасы аудан әкімінің күнделікті бақылауында, қадағалануда.
Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының бағасы аудан әкімінің күнделікті бақылауында, қадағалануда.
Нұрбол Бакиров фейсбук парақшасынан.