Соңғы жаңалықтар

Құрметті облыс тұрғындары!

28 қыркүйек 2026 ж. 46

№73 (8986) 26

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 61 ОТБАСЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЛЕСТІРІЛДІ

61 ОТБАСЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЛЕСТІРІЛДІ

   Жақында аудандық мешіт ауласында аудан басшылығының ұйытқы болуымен қайырымдылық акциясы өтіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен 61 отбасына азық-түлік үлестірілді.

  Аудан әкімі Ғалым Әміреев қатысқан қайырымдылық акциясына өңірдегі ірі өндіріс ошақтары демеушілік жасағаны белгілі болды. Бірінші кезекте, әкім бұған дейін 22-23 ақпанда, 1-наурызда осындай шара ұйымдастырғанын және осы игі шара алдағы 22-наурызда тағы да жалғасын табатынын тілге тиек етті. Қолдау көрсетіп отырған «СКЗ-U» ЖШС-нің басшыларына ризашылығын білдірген аудан әкімі әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі азық-түліктің барлығын үйді-үйге жеткізіп, оның қатарында жалғызбасты 81 анаға мерекелік сый-сияпат табыстады.
14 наурыз 2019 ж. 1 492 0