№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азық-түліктің 9 түрін қымбаттатқандар айыппұл төлейді

Азық-түліктің 9 түрін қымбаттатқандар айыппұл төлейді

"Жаңақорған тынысы" 2020 жылғы 21 наурызда Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасын белгілеу туралы №133 Қаулысы қабылданды. Енді Қаулыда көрсетілген тауар түрлерін тұрақты бақылау үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Ұлттық экономика министрі бірлесіп бағаны тұрақты ұстау жөнінде меморандумға отырып, 9 түрлі азық-түлік тауарының бағасына шекті бағалары белгіленді.


   Соған сәйкес бірінші сортты бидай ұнының 1 келісі – 154 теңгеге, нан (1 келілік) – 143 теңге (бірінші сортты ұннан жасалған 500 грамдық бидай наны – 71,5 теңге), макароның (рожки) 1 келесі – 197 теңге (өлшеніп салынған барлық атаудағы рожки жатады) болып белгіленді. Қарақұмық жармасының 1 келесі – 294 теңге, күріштің 1 келісі – 251 теңге, сиыр етінің 1 келісі – 1760 теңге (сиыр етінің сүйекті жауырын – төс бөлігі жатады) сатылады. Сондай-ақ тауық жұмыртқасы (10 дана) – 286 теңге (1 санаттағы барлық жұмыртқа жатады), күнбағыс майының 1 литрі – 414 теңге (бөтелкедегі барлық түрдегі май жатады), ас тұзының 1 келісі – 47 теңге бағаланды.
Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков:
– Үш министрдің бірлескен бұйрығына сәйкес белгіленген азық-түліктің шеткі бағаларын барлық кәсіпкерлерге таратылуда. Айта кететіні, шешім әрбір аймақтың географиялық ерекшелігіне қарай қабылданды. Солтүстік аймақтарды ұнның бір келісі бізге қарағанда арзан болса, бізде күріштің бағасы анағұрлым қол жетімді бағаға белгіленді. Енді кәсіпкерлер осы бұйырққа бағынуы тиіс, – деді.
Әлемде дендеген індеттің салдарынан азық-түлік түрлері қымбаттап барады. Мұны реттемесе халыққа ауыр тиеді. Сондықтан Үкімет нақты талап қойды. Енді кәсіпкерлер қалтаның пайдасы ғана емес, халықтың қамын да ойлауы тиіс. Бұл дегеніңіз, әлеуметтік азық-түлік өнімдері шекті бағадан аспауы тиіс.
Бүгінде аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі бірлесіп, кәсіпкерлік субъекті басшыларына бағаны негізсіз өсірмеу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шекті бағаны үзіліссіз бақылауға алады.
Тиісті талаптар бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 202-бабы бойынша әкімшілік жазалар қолданылады. Ішкі сауда субъектілерінің Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін арттыруы – жүз айлық есептік көрсеткіш (265 100 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – екі жүз айлық есептік көрсеткіш (530 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға түрткі болады, – дейді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бүркітбаев Қаржыбек.
Аудан тұрғындары ескерер жәйт, бір тауардың бірнеше түрі болғандықтан және сортына байланысты бөлінгендіктен түрлі баға болуы мүмкін. 

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
11 сәуір 2020 ж. 687 0