№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Уақыт сынынан сүрінбейік, ағайын!

Уақыт сынынан сүрінбейік, ағайын!


Соңғы екі апта барлығымызға да оңай болмады. Көз алдымызда жүрген арда азаматтарымыз дүниеден озды. Бұл індет жасты да, үлкенді де таңдамады. Жақындарын мәңгілік мекеніне аттандырған бауырларымның қайғысына ортақпын, бәріміздің қабырғамыз қайысып, бір Алладан артының жақсылығын тілеп отырмыз. Осы сәтте індеттің бетін қайтару үшін, қолдан келгенін жасап жатырмыз. Маусым айының басында кент және ауылдық округ тұрғындарының өзара қарым-қатынасын шектеу, ол үшін дәстүрлік жиын-тойды уақытша тоқтатуды үндеген едік. Мұны елді мекендердегі ардагерлер, қоғамдық ұйымдар, дін қызметкерлері бірауыздан қолдады. Бұл үшін барлық белсенді, беделді азаматтарға алғыс білдіремін. Елдің ауызбіршілігі осындай сын сағаттарда сезіледі. Енді осыны бақылауға алайық, ағайын!


Қазір ең маңыздысы – науқастар уақтылы емдеу орнындарымен қамтылып, үй жағдайында өз бетінше ем алмай, дәрігерлердің бақылауында болғаны дұрыс. Осы мақсатта, 100 орындық провизор стационарына қосымша 180 орын ашып, 280 төсекке жеткіздік. Ол жерде науқастарға 89 медицина мамандары күн-түн демей қызмет етуде. Соңғы аптада дәрі-дәрмек қоры толықты. Өкпені ауамен жасанды тыныстандыратын аппараттар (кислород) жеткілікті. Мұндай аппараттарды қосымша жеткізуге жергілікті кәсіпорындарға өтініш білдірген едім, қазір Әк зауыты, “СКЗ-U” ЖШС, “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ қарасты жергілікті уран компаниялары көмектесуде. Одан бөлек, “Шалқия-Цинк ЛТД” АҚ 2 ИВЛ аппаратын жақын күндері аудандық ауруханаға алып беруге уәде етті. Бұл бізге үлкен көмек. Кәсіпорын басшылыларына тұрғындар атынан алғысымызды білдіремін.
30 маусымнан бастап аудан әкімдігі жанынан Cool-орталық ашылып, дема­лыссыз жұмыс жасауда. Ондағы мақсат – үй жағдайында ем алып жатқан тұрғындарға көмек беру. Төрт мобильдік медициналық бригаданы әкімдіктің қызметтік көлік­терімен қамтамасыз еттік. Қазір сегіз медицина қызметкері орталыққа түскен тапсырыстар бойынша үй-үйге барып, науқастарға ем шарасын жүргізуде. Күніне 60-80-ге дейін тапсырыс орындалады. Бүгінгі күнге барлығы 625 шақыруға барды (укол салу, система т.б). Ол қызметкерлер науқастардың жағдайын байымдап, қажет болған жағдайда стационарға жатқызуда. Провизордағы барлық 89 медицина қызметкерін аудан әкімдігі үш мезгіл ас-ауқатпен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіп отыр. Науқастанған тұрғындардың сауығып кетуі үшін қолдан келген жағдайды жасаймыз. Бұл – күн тәртібіндегі ең маңызды жұмысымыз.
Қазірде ең қиын мәселе дәріханаларда қажетті дәрілердің болмауы. Бұл аудан деңгейінде шешілетін мәселе емес. Яғни құзыреті жетпейді. Елдегі фар­мацевтикалық компанияның (СК-Фар­мация) монополиясынан туындаған қиын­дықтарды біліп отырсыздар. Деген­мен қарап отырғанымыз жоқ, облыс басшысымен аудандағы жағдайды шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Жақын күндері үй жағдайындағы ОРВИ, пневмония науқастарын емдеу протоколын аламыз, соған сәйкес, үйдегі науқастар тегін, емханалық қордан дәрімен қамтылатын болады.
Қадірлі жерлестер, үрейленбейік, үрей жеңсе көп мәселені қиындатып аламыз, сабыр сақтайық! Ауру белгілері байқалған жағдайда ертерек ем қабылдайық. Әркімнің айтқан дәрісін өз бетінше қабылдаудың қажеттілігі жоқ, тек дәрігердің рецептімен ғана ем алайық.
Аурудың шегінде тұрған сияқтымыз, провизорлардан әдепкі науқастар үйле­ріне шықты. Стационарда орын бар. Сондықтан үйде ұзақ жатпай, сонда барып ем қабылдайық. Алланың қолдауымен енді тек осы күнгі науқастанып қалған тұрғындарымызды аяғына тұрғызып, отбастарына оралуын тілеймін және соған жұмыла отырып жұмыс жасайық.
Біз бірге уақыт сынынан сүрінбей өтеміз.

Сұлтан МАҚАШОВ,
аудан әкімі
14 шілде 2020 ж. 478 0