Біз қиындықты бірге жеңеміз!
COVID-19 жұқпалы инфекциясын жұқтырған 16 науқас тіркелуіне байланысты карантиндік режим енгізілді. Тұрғындардың шектеуге қолдау білдіріп, түсіністік танытып жатқандарына алғысым шексіз, біз әрі қарай да осы шектеулерді қамтамасыз етіп, үйде болсақ, бұл індеттен толық құтыламыз. Бүгін сіздерді жақсы жаңалықпен қуантқым келеді.
16 науқастан басқа, науқастармен жақын және потенциалды байланыста болған азаматтардан алған анализдері (125 адам) теріс нәтиже берді. Қазір ғана соңғы 28 адамның қорытындысын алдым. Әлі де болса сырттан келген немесе өздерінің күдікті белгілерімен келген адамдардан сынамалар алу жүре береді. Дегенмен де біздің жан жағымызда, еліміз бойынша бұл індет өршіп тұрғанда ешқандай босаңсуымызға болмайды. Қайта алдын алу үшін барлық талаптарды орындайық.
Жеке бас гигиенасын, үйдің тазалығын және сауда орындары мен автокөліктің т.б санитарлық, дезинфекциялық талаптарын сақтаңыздар. Ретсіз көшеге шықпайық. Кент көшелері мен обьектілерге залалсыздандыру жүргізілу үстінде. Бұл мақсатқа шекара қызметінен 28 жасақ екі автокөлікпен және Тараз қаласы горнизонының 1 арнайы көлігі жұмылдырылды. Біздің сұранысымызды Үкіметке қойып, қарулы күштерден осы күштер мен техникаларды шұғыл шешіп берген, аймақ басшысы Гүлшара Наушақызына жаңақорғандықтардың атынан ризашылығымды білдіремін. Дезинфекция жұмыстары одан әрі жалғасады, қажетті дәрілері жеткілікті.
Бүгінде карантиндік стационарда жатқан адамдардың барлығы теріс нәтижелі болып шыққанына қуаныштымын, бірақ белгіленген екі апта мерзімге бақылауға тиіспіз. Бұған туыстары да түсіністікпен қарағаны жөн.
16 науқастың 6-ын Қызылорда қаласына ауыстырдық (аудандағы салмақты жеңілдету) қалған 10 науқас аудандық инфекция бөлімінде. Науқастардың жағдайы жақсы.
Осы жазбаны пайдалана отырып, ауданның медицина қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Оларды майданның алдыңғы шебіндегі сарбаздар деуге болады. Өздерінің денсаулығына қауіпті екенін біле тұра, жауапкершілікті мойындарына алып, күн-түн демей жұмыс істеуде.
Сіздердерді отбасыларыңыз бен туыстарыңыз күтіп отыр. Бізде сіздерді қорғау құралдарымен толық қамтамасыз етеміз. Ол қажетті мөлшерде бар. Қысылған кезеңде карантин стационарына Жаңақорған шипажайының ғимаратын пайдалануға берген басшысы Бақытжан Абдуллаевқа, ағамыз Әбекеңе және кәсіподақ басшылығына алғысым шексіз. Осы кезеңде СЭС қызметкерлері мен полиция тәуліктік жұмыс режимде жұмыс жасауда, сіздерге де рақмет. Әлі жұмыстар алда, анықталған науқастарды емдеп, отбасына қайтару және жаңадан болдырмау үшін карантиндік режимді сақтау маңызды.
Қадірлі жерлестер, барлық сақтық шараларын сақтаңыздар. Үйде отыру арқылы сіз өзіңізді, отбасыңызды, ағайын-туысты қауіпті дерттен аман сақтайсыз.
Біз бірге қиындықты еңсереміз!
Сұлтан МАҚАШОВ,
аудан әкімі