» » Сын сағатта сабырымыз сыналмақ

Сын сағатта сабырымыз сыналмақ

Елге төнген қауіпке байланысты Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Үндеуін жолдады.
Жалпы ұлттың тарихи жады мен тағылымынан оба, қараөкпе, шешек індетімен бетбе-бет келгені белгілі. Сондай қысылтаяң кезде қоныстар мен қалаларда қара ту көтеріліп, эпидемиядан белгі беріп, қара індеттің жайылып кетуінен сақтандырып отырды.

Ұлттық кодта жиналып, сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін осындай қасиеттерді жаңғыртып, сабырлық пен ұстамдылықты басшылыққа алып, бір-бірімізге демеу болатын кез туды. Сабырымыз бен бірлігіміз сыналатын сын сағаты деп қабылдап, шыдамдылық танытайық, ағайын! Елбасы қазақстандықтарды осыған шақырып, өтпелі кезеңде елдің дамуына бей-жай қарамауды ұсынды.
«Біздің мақсат азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау. Қазіргі коронавирус инфекциясының залалын азайту, және экономиканы тұрақтандыру» деп атап өтті Елбасы.
Қадірлі ағайын, сақтық шараларына мән беріп, жеке бас тазалығын, үй жағдайында тазалықты күшейтіп, той-томалақ, жиын-тойға шектеу қойып, қарым-қатынасты азайтуға басымдық берейік. Елді араңдатушылардың насихаттарына, әлеуметтік желіде желдей ескен жалған ақпараттарға сенбей, ресми ақпарат көздерін оқып, сауаттылықты арттырып, ел бірлігін нығайта берейік!
Әбілғазы ТӨЛЕГЕНОВ,
Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
20 наурыз 2020 ж. 794 0