» » Қазақстанда қай санаттағы азаматтар міндетті экспрес-тестілеуден өтуі тиіс

Қазақстанда қай санаттағы азаматтар міндетті экспрес-тестілеуден өтуі тиіс

ҚазАқпарат – Қазақстанда міндетті экспрес-тестілеуден өтуі тиіс азаматтардың санаты бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың 6 маусымдағы қаулысына сәйкес, экспрес-тестілеу иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммундық-хроматография әдісімен жүргізіледі.
COVID-19-ға жедел тестілеу SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтай отырып, иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммундық-хроматография әдісімен орындалады.
COVID-19-ға экспрес-тестілеуге жататын адамдар (анамнезінде осы жылдың ақпан айынан бастап суық тию ауруымен ауырып сауыққан адамдар): - теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ транзиттік жүргізушілер;
- COVID 19 таралуының алдын алу бойынша іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі, әкімдіктердің қызметкерлері және басқалар);
- карантиндік өңірлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың (коммуналдық қызметтің, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сататын сауда объектілерінің, жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінің, көлік, ПМК, дезинфекция қызметтерін көрсететін объектілердің қызметкерлері және т.б.) қызметкерлері;
- медициналық ұйым басшысының тізімі бойынша ауыр созылмалы ауруына байланысты жедел амбулаториялық консультацияға мұқтаж пациенттер, сондай-ақ шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызылған пациенттер;
Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, экспрес-тестілеуден үшін пациенттер сәйкестендіру деректерін, тіркеу жүйесінде денсаулық жағдайына шағымдарды көрсетіле отырып, ЭДСРО АЖ-да тіркеу рәсімінен өтеді немесе медицина қызметкері өз бетінше ЭДСРО АЖ-ға енгізеді. ЭДСРО АЖ-дан деректерді талдауды және өңдеуді ҚДСҰО жүргізеді және осы Алгоритмнің 3 және 4-тармақтарын ескере отырып, кейіннен материалды алу пункттері бойынша бөліп, тестілеу өткізілетін орны, күні туралы ақпараттандыра отырып, жедел тестілеуге жататын адамдардың тізімін жасайды.
08 маусым 2020 ж. 364 0