Қазақстандағы рейстерге коронавирус анықтамасы қажет емес
Қазақстанда әуе кемесінде ұшу үшін COVID-19-ға ПТР-ді міндетті түрде тапсыру талаптарын алып тастады. Бұл туралы бас мемлекеттік көлік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Осыған байланысты, 11 мамырдан бастап жолаушыларға, әуежай қызметкерлеріне және экипаж қызметтеріне COVID-19-ға ПТР-ді міндетті түрде талдау талаптары алынып тасталды», – деді дәрігер.
Тиісті қаулы қабылданды.
Санитарлық және карантиндік талаптар – әлеуметтік қашықтық, анкеталар, маска режимі, терминал ғимаратына шығарып салуға кірмеу, байланыссыз термометрия және басқалары – өз күшінде қалады.
Ауру белгілері бар адамдар анықталған жағдайда әуежай ғимаратына және әуе кемесіне кіруге рұқсат берілмейді. Көрсетілген жолаушылар карантинге жіберіледі.
11 мамырда Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Қазақстанның жеті қаласына рейстер қайта ұша бастайды.