Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың аудандарға жасаған жұмыс сапары Жаңақорғанда түйінделді.
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың аудандарға жасаған жұмыс сапары Жаңақорғанда түйінделді. Облыстың оңтүстік қақпасындағы ауданда атқарып жатқан бастамалармен мұқият танысып, негізгі мәселелерді назарға алды.
Өңір басшысы алдымен аудандағы Төменарық елді мекенінде салынатын ауылдық аурухана құрылысымен танысты.
Ауылдық аурухананың ғимараты 1952 жылы МТС-тің жұмысшыларына жатақхана ретінде салынды. Содан кейінгі жылдары ғимараттың пайдалану мақсаты бірнеше рет өзгеріп, ауруханаға берілді. Кезінде баланы Төменарық, Сүттіқұдық, Қожамберді, Екпінді, Сунақата ауылының әйелдерін босандырып, ем алатын құтхананың жұмысына қайта серпін беру керек-ақ. Себебі осы аймақтағы 20 мыңға жуық адам аурухананы салып беруді сұрап отыр. Ауданның бас дәрігері Яхия Шораев облыс әкіміне осы жөнінде баяндады. Ауыл әкімі Нұркен Қошқарбаев пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Темірбек Құтжанов ауылдастырының ықылас-ниеті аурухананы тұрғызу екенін жеткізді. Облыс әкімі 15 төсекке лайықталған дәрігерлік амбулатория-аурухананы заңдылығына сай жүргізуді сала басшыларына тапсырды.
Мұнан соң облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының Төменарық ауылдық округі тұсында «Жан-Арай» ЖШС жүргізіп жатқан алма бағын көрді. Сондай-ақ «Орда Сығанақ» ЖШС-нің шипажай жұмысын көрді. «Orda Сығанақ» ЖШС жүргізуде. Мердігер компания «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ қаржы тартқан. Серіктестіктің құрылтайшы Асқар Ибрагимов қарсы алып, құрылыс алаңына жол бастады.
Жалпы аумағы 15 гектар. Оның 6000 шаршы метрінде шипажай, 10 гектарында алма бағы бар. Екі этажды, заманауи құрал-жабдықпен жабдықталатын сауықтыру кешені уақытқа сай жұмыс жасайтын бірегей кешен болады. Шипажай іске қосылғанда екі адамдық 60 бөлме балады. Яғни 120 адамды қабылдай алады. Ашылған уақытта 60 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда.
Өңір басшысы №169 мектептің 600 орындық ғимаратының құрылыс жұмысымен танысып, білім ордасының құрылысын сапалы жүргізіп, жыл соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Байкенже ауылдық округіндегі барлау, өндіру, уран шикізатын қайта өңдеуге бағытталған «Байкен-U» ЖШС-нің кәсіпорнына барды. Уранды ұңғылап шаймалау әдісі арқылы өндіретін зауыттың жылдық қуаттылығы – 1600 тонна. Бүгінде 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Айта кететіні, зауыт қызметі ПСВ әдістемесі бойынша уран шығарып алу кезінде экономикалық, технологиялық параметрлерді зерттеу және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді сондай-ақ өндіруді, сақтауды, тасымалдауды және құрамында уран бар кендерді қайта өңдеуді, тауарлық өнімді іске асыруды қамтиды. Қызметтің барлық түрлері қазақстандық заңнаманың барлық экологиялық нормаларына және талаптарына сәйкес жүргізілуде. Кәсіпорында қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын ең экологиялық қауіпсіз және озық технологиялар қолданылады
Мұнан кейін, облыс әкімі Жаңарық елді мекеніндегі ауылдық клубтың күрделі жөндеу жұмысының барысын тексерді. Жөндеу жұмысына «Жұмыспен қамту жол картасы» (әрі қарай – мемлекеттік бағдарлама) мемлкекеттік бағдарлама аясында 116 млн 144 мың теңге қаражат бөлініп, 45 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Ауыл әкімі Ақжан Тұрғанбаев атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды, оның ішінде кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстарды баяндады.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сапар барысында Өзгент ауылдық округіндегі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шарасының жобасымен және №224 орта мектеп пен аудандағы орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Білім ұясын күрделі жөндеуден өткізу үшін 261 млн. 118 мың теңге қаралып, жаңа 10 жұмыс орны ашылған. Оның 5 орны жұмыспен қамту орталығына тіркелген азаматтарға арналған.
Мұнан кейін өңір басшысы Жаңақорған кентіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған спорт кешендерінің проблемалық мәселесімен танысты. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстары мемлекеттік бағдарламалары арқылы жүзеге асырылатын Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде болды. Колледж директоры Жомарт Шәуенов карантин кезінде маска тігуге мән бергенін көрсетті және ғимараттары әбден ескірген білім ордасына жөндеу жұмыстары жүргізілетінін қуанышпен жеткізіп, істі қолдағаны үшін алғысын жеткізді. Облыс әкімі дамудың көзі – адами капиталда екенін, сондықтан білім беру саласына мән беретінін, бірақ нарыққа қажетті кәсіби кадрлар дауындау керектігін ескертті. Аудан әкімі С.Мақашов аудан көлемінде мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асатын жобалар, күрделі жөндеу жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу қажеттігін тапсырды.
Сапар барысында облыс әкімі Жаңақорған кентіндегі құрылысы жаңадан салынатын 300 орындық мектептің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. МАИ бекетінде бой көтеретін мектептің сондағы тұрғындардың әлеуметтік мәселесін жеңілдетуде септігі көп. Себебі ондағы 300-ден аса оқушы қатынап оқиды. Яғни жол азабын сезініп отыр. Мектеп салынса қаншама тұрғын жұмыспен қамтылады, жол мәселесі шешіледі және т.б айтуға болады.
Ақүйік ауылындағы балабақша салу және газдандыру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар бағдарланды. Қазіргі таңда №7 «Қызғалдақ» балабақшасының ғимараты тозығы жетіп, апаттық жағдайда. 90 орындық жаңа типтік бөбекжай құрылысының жоба-сметалық құжаттары 2018 жылы мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Облыс әкімі аталған балабақшаның құрылысын жаңа оқу жылына дейін аяқтап, тұрғындар игілігіне беруді жүктеді.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жаңақорған ауданына жұмыс сапарының екінші күнінде «СКЗ-U» ЖШС жұмысымен танысты. Еуропалық стандарт бойынша жабдықталған зауыт толық автоматтандырылған. Мәселен жапониялық «Marubeni» және «ТЕРС» корпорациясы, канадалық «UraniumOne» компаниясы қатысуымен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ іске асырды. Ал, құрылыстың технологиялық жабдықтарын «Desmet Ballestra S.P.O.» (Италия) компаниясы құрған. Францияның «General Electric» компаниясы өндіретін энергогенераторлық қондырғыларды осы кәсіпорынның жабдықтаушы БК ЖШС «Союзкомплект» жүйелі жұмысты қалыптастырды. Уран өндіруші кәсіпорынға қажетті сілті қышқылын өндірудің шикізаты – «Теңізшевройл» ЖШС алынатын кесек күкірті болып табылады. Еске сала кетерлігі – қондырғының негізгі өнімі шығарылған күкірт қышқылы (93 процент) салмақты Н2SO4. Дайын өнімді (Н2SO4) тұтынушыға тиеп беруші «ЖаңақорғанТранзит» ЖШС автокөлікке тиеу-түсіру базасына дейін құбырмен жүзеге асырылады. Зауыт жұмысының жан-жақтылығын дамыту үшін энергокомплексте сағатына 18 меговатт электр қуатын өндіру де қоса атқарылады.
Жалпы облыс әкімінің сапары барысында Жаңақорған перспективалы аудан екені, тұрақты дамуға негіз бар екені айтылды. Тек мемлекеттік бағдармаларды сапалы атқарып, инвестиция тартып, жұмысты жүйелей түсу қажет.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ