№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мейірбике болу – мақтаныш!

Мейірбике болу – мақтаныш!


Жұқпалы аурулар бөлімшесінің аға мейірбикесі Хашия Камалқызы ісіне адал жан. Кейіпкеріміздің жауапкершілік жүгін абыроймен көтеріп келуінде үлкен мән бар. Оның себебін бала күнгі арманын шындыққа айналдыруға деген ұмтылысынан байқауға болады. Осы ретте мақсатына жеткен кейіпкерімізді төл мерекесімен құттықтап, әңгімеге тарттық.


Ол Қожакенттегі №168 мектепті бітіріп, Түркістан медициналық кол­леджінде білім алады. Оқу орнын ойдағыдай аяқтап, аудандық ауру­ханада мейірбике болып қызмет жолын бастайды. Ұзақ жылғы қажырлы еңбектің арқасында білікті маманға айналды.
– 1991 жылдың 26 наурызынан ақ халаттылардың жолын таңдап, адам жанының арашашысы болуды мақсат еттім. Өмірде таңдап алған мамандығыма еш өкінбеймін. Осы жылдар ішінде ем іздеп келген науқасқа бар көмегімді беруде еңбек етіп келемін, – дейді Хашия Абсаттарова.
Медбикенің жұмысы қызық әрі қиын. Себебі ауруханада дәрігердің науқасқа тағайындаған емін жүргізу мейірбикеге жүктеледі. Сонымен қатар халыққа бәрін алдын ала түсіндіру, аурухана тазалығы мен жұмысын бақылау да міндетіне кіреді. Ауырып еміне шипа іздей келген жанның дәрісін уақытылы ішуін қоса қадағалайды.
Сегіз сағат істедім, жұмысым осымен аяқталды дегенді білмейтін абзал жандар науқастарды емдеумен қатар жылы сөзбен рухын асқақтатып, өз-өздеріне сенімді ету мақсатында жұмыстарын атқарады.
Қазір медицина мамандары коро­навируспен күресіп жатыр. Біздің кейіпкерімізде осы майданда қызмет етуде.
– Біздің мойнымызда үлкен жауап­кершілік бар. Ол халық денсаулығы үшін міндетті адал атқару. Осы ретте індет ошағында жұмыс істеп жүрген барлық медицина мамандарына сарқылмас төзім тілеймін. Бұл – уақытша құбылыс. Бір жұдырықтай біріксек, бәрін жеңеміз, – дейді білікті маман.
Медбикенің жұмысына ең қажет нәрсе өз ісіне деген адалдық және науқас­тарға мейіріммен қарау. Ең абзал қызмет иелерінің «мейірбеке» деп аталуы сондықтан болар.

Лаура БИБАСАРОВА
16 мамыр 2020 ж. 1 214 0