№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бас медбикенің биігі

Бас медбикенің биігі

   Медицина саласының дамуы ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әлеуметтік және кәсіптік белсенді, бәсекеге қабілетті, білімді де білікті медбикелерге тәуелді. Себебі, медбикелер науқасты сауықтыру процесінде жауапты қызмет атқарады. Міне, сондай міндетті мойымай көтеріп, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленіп жүрген Тұрғаш Даниеваның аудан медицинасы үшін қосқан үлесі қомақты.


  1989-1992 жылдары Шымкент медицина колледжінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша білім алған маманның қызмет жолы аудандық аурухананың хирургия бөлімінде басталады. Алғашында ауыр жағдайдағы науқастар мен жантүршігерлік операцияларды, жол апатынан көз жұмған адамдардың ауыр қайғысын көзімен көрген медбикеге жұмыс оңайға соқпайды. Алайда, білікті басшы Сұлтанбек Әлқожаевтың «әлсіз адам ауруханада жұмыс жасай алмайды, білікті мейірбике боламын десең батыл бол!» деп үйреткен тәлімінің арқасында Тұрғаш Амангелдіқызы өз алдына нық мақсат қойып, қиындықтың бәрін артта қалдырады. Осылайша, жастайынан аурухананың ауыр тірлігіне араласып, жауапкершілігін, ептілігін, талапшылдығын байқатады.
– 1993 жыл. Түнгі кезекшілік. Сүттіқұдықтан ауыр жағдайда жол апатына ұшыраған науқас түсті. Кенеттен, жүрегі тоқтап қалды. Тез арада аппарат қосып, алғашқы көмек көрсеттім. Кейіннен, дәрігерлер тиісті ем-дом жасады. Сол қызметіме әлгі кісі көрген сайын алғыс айтып жүреді, – дейді денсаулық сақшысы.
Бұл бір ғана мысал. Хирургия, терапия бөлімінде еңбек еткен мейірбикенің адамдармен тез тіл табыса білуі өзгелерден ерекшеленуіне, қызметте өсуіне жағдай жасайды.
Науқасқа ең бірінші көрсетілер көмек – мейірім. Жаны, тәні ауырған жан дәрігер мен медбикелердің жылы сөзіне, қамқорлығына мұқтаж болады. «Мейірбике» деп аты айтып тұрғандай, мейірімді, ізетті болған дұрыс. Әрбір берген дәріні «ем болсын» деп табыстап, науқасқа күлімдеп тұрып, көмек көрсетіп, еммен ғана емес, сөзбен де шуақ сыйлай білу – нағыз кәсіби медбикенің міндеті. Осындай ұстанымды өмірлік қызметте алға қойған Тұрғаш Дәниеваның медбикелік болмысы көпке үлгі.
Ол – кәсіби маманнан бөлек, отбасында адал жар, жанашыр ана, ақылшы әже. Бүгінде 38 аға мейірбике мен 814 орта буын медицина қызметкерлерін басқарып отырған бас медбикенің өзі жоғары санатты. Аурухана, емхана, дәрігерлік-амбулатория, мектеп ішіндегі мейірбикелердің жұмысын ұдайы қадағалап, жаңа тәжірибелерді үйрету де Тұрғаш Амангелдіқызының мойнында.
Өзгеге басшылық ету үшін кәсіби бола білу маңызды. Бұл үрдісті ұстанған ол, жыл сайын облыста біліктілігін шыңдап келеді. 2018 жылы Финляндияда оқып, мейірбикелер жұмысының әлемдік тәжірибесін үйренген. Медицина сала­сындағы ұзақ жылдық сапалы еңбегі үшін 2019 жылы Ден­саулық сақтау министрі Елжан Біртановтың «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Ханзада ДОШАН.
18 мамыр 2019 ж. 2 088 0