№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Дәрігер Дананың бір күні

Дәрігер Дананың бір күні

Дәрігер қастерлі мамандық. Бұл жолды таңдағандардың жауапкершілігі мол, атқаратын жұмысы ауқымды. Адамның жаны мен тәні ауырсынған сәтте іздейтіні де, жүгінетіні де сол дәрігерлер. Сондықтан оларды адам жанының арашашысы деп атап жатады. Ал дәрігерлік қызметті қалтқысыз атқарып жүргендер арамызда жүр. Солардың бірі дәрігер-невропатолог Дана Зұлпыхар.
Түркістан топырағынан нәр алған ол бала күнінен дәрігер болуды мақсат етеді. А.Байтұрсынов атындағы №1 мектепті бітіріп, Қ.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетіне оқуға тапсырады. Оқуын ойдағыдай аяқтап алғашқы еңбек жолын Жаңақорған аудандық емханасында бастайды.
– Өз мойнымдағы қызмет жауапкершілігін айқын сезінемін. Біздің салада тек ісіне жан-тәнімен беріліп,науқасқа сапалы қызмет ету керек. Басқа жол жоқ, дейді дәрігер.
Медицина университетінде оқыған студенттік жылдары ол өзінен бір курс жоғары оқыған жары Бауыржан Абдусаметовпен танысады. Баукең де медицина саласының үздік маманы. Аудандық ауруханада хирург болып жұмыс істейді. Қолы жеңіл, сөзі ізетті хирургке жүгінетін науқастар көп.
Дәрігерлер отбасында екі ұл бір қызды тәрбиелеуде. Өсіріп отырған бүлдіршіндері медицина мамандағын өздері жүрек қалауымен таңдаса қарсы еместіктерін де айтты кейіпкеріміз.
Иә, бағалай білген кісіге медицина қызметкерлерінің тұғыры биік. Сондықтан, тек ісімен ғана емес жүрегімен емдей білетін  Данаға емделушілері де дән риза. Отбасы мен жұмысты қатар алып жүру дәрігер үшін оңай емес. Сондықтан ол әр ісіне ұқыптылықпен қарайды және медицинада қателесуге болмайтынын жақсы түсінеді.
Атын атамауды өтінген сондай емделушілерінің бірі: «Мен жүрек және қан тамыр ауруымен Дананың алдына келдім. Уақыт өткізіп алғанымды айтты. Алайда оның мейіріммен қарап, жылы сөзін естігенде ауруыңнан айыққандай боласың. Шүкір, бүгінде Дана қызым тағайындаған кешенді ем арқасында денсаулығым жақсы», – дейді ақ халатты абзал жанның емделушісі.
Дана Өмірбекқызы дәрігерлікті таңдап, оның ішінде, невропатолог жолын таңдағанына еш өкінбейді. Қайта адамға пайдамды тигізу басты мұраты екенін айтты.
Алдыңызға емделушілер қандай ауру түрімен көп шағымданып келеді дегенімізде:
– Қазірде жүрек пен қан тамыр аурулары жылдан-жалға жасарып, асқынып барады. Ауруды алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанып, дипрецияға түспеуді басшылаққа алу керек, – дейді ол.
Адамның жүйке жүйесіне түскен қысымнан ішкі органдар зақымданады. Соның салдарынан адамда диабет, гипертония, астма, аллергия, инсульт және инфаркт аурулары пайда болады. Дана алдына келген әрбір адамға емделу жолынан бөлек, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіріп, денсаулықты күтіп-баптаудың жолын көрсетуге мән береді екен.
Мемлекеттің басты байлығы – адам денсаулығы. Олар сол ұлы мақсат жолында еңбек етіп келеді. Өзгенің саулығына жауапкершілікпен қарап, қызметін қалтқысыз атқаратын Дананың дәрігерлерлік тұлғасы көп үлгі...
Лаура БИБАСАРОВА
05 мамыр 2020 ж. 1 192 0