Дала жұмысына дем берілуде
Ауылшаруашылығы саласы экономиканың негізгі драивері саналады. Үкімет коронавирус тығырыққа тіреген уақытта да шаруа қожалықтардың жұмысы тұралап қалмауына көңіл бөлуде. Әсіресе қазір егін науқанының қызған шағы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемкомиссияның отырысында сөйлеген сөзінде осыған арнайы тоқталды.
«Көктемнің бір күні – жылға азық» дегенді қаперге алған шаруалар екі айға созылған карантиннен кейін белсенді іске кірісті.
Әрине халықтың денсаулығы бәрінен маңызды, сондықтан карантиннің талаптары дала жұмыстары кезінде де сақтау маңызды деп ойлаймын...
Жалпы Төтенше жағдайлар кезінде мемлекет азаматтарынан қамқорлықты аяған жоқ. Әрбір тұрғынның әлеуметтік жағдайын зерделеп, тиісінше көмек көрсетті. Президенттің сөзінше, 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек берді, 1 миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестіріп, 2 миллионға жуық азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді. Бұл – үлкен көмек деп ойлаймын.
Карантиннен кейін де өмір бар. Даму керекпіз. Мемлекет басшысы мәлімдемесінде бұған да тоқталып, барша азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау маңызды екенін атады. Сондай-ақ азаматтардың табысын арттыру үшін бизнесті қолдау және оны дамыту тетіктері қарастырылатыны айтылды.
Ең бастысы, Қазақстанда 1 миллион 700 мыңға жуық шаруа қожалықтардың өнімдері сауда нүктелеріне тікелей сатылмайды және қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізілмейді. Осы олқылықты шешуді тапсырды Мемлекет басшысы. Расында шаруалар ауылшаруашылық тауарларын өткізетін көзі шешілсе, табысқа кеңеліп, шаруашылығын дамыта түсер еді...
Бақытжан ТӨЛЕГЕНОВ,
«Өзгент-С» шаруа
қожалығының төрағасы
«Өзгент-С» шаруа
қожалығының төрағасы